Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың АМҰ Бас хатшысы Л.Альмагромен кездесуі өтті

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Е.Ашықбаевтың АМҰ Бас хатшысы Л.Альмагромен кездесуі өтті

Кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның АМҰ жанындағы Тұрақты байқаушысы ретінде аккредиттеу туралы вербалды нотасының көшірмесі тапсырылды. Тараптар АМҰ-мен өзара әрекеттестіктің қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Елші Е.Ашықбаев Бас хатшымен Қазақстанның COVID-19 пандемиясының таралуына қарсы тұру, оның ішінде «QazVac» вакцинасын өңдеу жөніндегі күш-жігері туралы бөлісті.

Өз кезегінде Л.Альмагро климаттың өзгеруіне бірлесіп қарсы тұру мақсатында Қазақстан Республикасы мен АМҰ арасындағы диалогты жандандыруға, сондай-ақ Латын Америка елдерімен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтуге қызығушылық білдірді.