Вашингтонда Қазақстандағы ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған вебинар өттi

Вашингтонда Қазақстандағы ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына арналған вебинар өттi

Вашингтон, 2021 жылдың 9 қыркүйегі – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Қару-жарақты бақылау қауымдастығымен және Олбани университетінің қоғаммен байланыс және саясат жөніндегі Рокфеллер колледжімен бірлесіп Семей ядролық полигоны жабылуының 30 жылдығына орай вебинарды ұйымдастырды.

Қазақстанның Елшісі Ержан Ашықбаев өз сөзінде «Невада– Семипалатинск» антиядролық қозғалысына қатысушылардың еркі мен жігерінің және ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаевтың берік шешімінің арқасында Семей сынақ полигонының жабылуы бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтардың мораторийіне алып келген тізбекті реакцияны тудырғанын атап өтті. Елші Қазақстан ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу үшін және таратпау режимін нығайту ісіне барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Іс-шарада Олбани университетінің саяси зерттеулер орталығының Аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенова, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының бұрынғы төрағасы Мэри-Винн Эшфорд, Қару-жарақты бақылау қауымдастығының Атқарушы директоры Дэрил Кимбалл, Гарвард университеті Белфер орталығының «атомды басқару» жобасының Атқарушы директоры Франческа Джиованини сөз сөйледі.

Вебинардың сарапшылары Қазақстан халқы мен басшылығының халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ядролық сынақтарға жаһандық мораторийдің сақталуына үміт білдірді.