Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 16-шы халықаралық кездесуге БАҚ үшін ақпарат

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 16-шы халықаралық кездесуге БАҚ үшін ақпарат

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 16-шы халықаралық кездесуіне аккредиттелген журналистердің назарларына.

Кездесу 2021 жылы 8 шілдеде «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінде сағат 14:00-де басталады.

Кездесу қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясы жоспарланған.

Өткізу орнына сағат 13:30-ға дейін келуіңізді сұраймыз. Іс-шараға қатысу үшін кіреберісте паспорт (жеке куәлік), журналистік куәлікті (шетелдік БАҚ өкілдері үшін аккредитациялық карта) және 72 сағаттан аспайтын COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижелі анықтамасын (шетелден келетіндерге) көрсету міндет. Қазақстандық БАҚ өкілдері үшін іс-шара өткізу орнына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.