АҚШ Конгресімен ынтымақтастықты дамыту

АҚШ Конгресімен ынтымақтастықты дамыту

2021 жылғы 18 маусымда КР-дың АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасындағы Орталық Азия, таратпау және Азия-тынық мұхиты өңірі жөніндегі кіші комитетінің Төрағасы Конгрессмен Ами Берамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді және тиімді екі жақты ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде таратпау, терроризмге қарсы күрес, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жоспарларды талқыға салды.

А.Бера өзге өңірлермен қоса, Қазақстанға келуге қызығушылығын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша, тараптар тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға және жақын арада жеке кездесуге келісті.