АҚШ Конгресімен ынтымақтастықты дамыту

АҚШ Конгресімен ынтымақтастықты дамыту

2021 жылғы 16 маусымда ҚР-дың АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Конгресі Өкілдер Палатасының Тәсілдер мен шешімдер комитетінің мүшесі Конгрессвумен Джеки Валорскимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар экономикалық ынтымақтастықты, соның ішінде өзара сауда және ауыл шаруашылықты дамыту мәселелерін талқылады.

Конгрессмвумен екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қолдау көрсетіп, келесі жылы Қазақстанға келуге өз қызығушылығын білдірді.