Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі V Транскаспий форумына қатысты

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі V Транскаспий форумына қатысты

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Каспий саяси орталығымен ұйымдастырылған V Транскаспий форумының жұмысына қатысты. Іс-шара аясында АҚШ пен Каспий маңы елдерінің саясаткерлері мен бизнес көшбасшылары бас қосты.

Форумға қатысушылар сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мәселелерін және бизнес және инвестициялардың жаңа перспективаларын талқылады. Сонымен бірге қатаң және жұмсақ инфрақұрылымды дамытуға деген ұмтылыс COVID-19 пандемиясынан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіруде негіз болатындығын баса айтты.

Е. Ашықбаев Транскаспий дәлізінің көршілес аймақтар арасындағы көпір ретіндегі жетістігі Каспий маңы мемлекеттерінің қауіпсіз және сенімді инфрақұрылым құрудағы ұжымдық қабілетіне байланысты деп атап өтті. Отандық дипломат өңірдегі мемлекеттер жаңа жобаларды бастау үшін қажетті қомақты соманы тартатын инвестициялық климат құру бағытында жұмыс істеу қажеттілігін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жаслан Мәдиев жобаларға ерекше назар аударылатын Орталық Азия инвестициялық серіктестігін құру бойынша ағымадағы жылы басталған Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ-тың Халықаралық дамудың қаржылық корпорпциясының (DFC) аймақтың инклюзивті өсуін қамтамасыз ететін үшжақты бастамасы туралы айтты. Ол Қазақстан үкіметі заңнамадағы өзгерістерді жариялайтынын және инвесторларға стратегиялық инвестициялық келісімдерді және бизнесті дамыту үшін тұрақты ортаны қамтамасыз ететіндігін атады. Юрисдикциясы жалпы ағылшын заңдарымен реттелетін және халықаралық төрелік соты бар Астана халықаралық қаржы орталығын табысты дамыту туралы мәселені қозғады.

Форумды ұйымдастыруға АҚШ Сауда министрлігі, USAID, АҚШ Мемлекеттік департаменті және АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің қолдауымен Қазақстан, Ауғанстан, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, және Түркия елшіліктері қатысты.