АҚШ Конгрессімен ынтымақтастықты дамыту

АҚШ Конгрессімен ынтымақтастықты дамыту

2021 жылғы 9 маусымда Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ Конгресвумен, АҚШ Өкілдер палатасындағы Орталық Азия, Қаруды таратпау және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы кіші комитеттің мүшесі Кати Маннингпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты жандандыру болашағын, соның ішінде ядролық қаруды таратпау, өңірлік қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық және т.б. талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.