Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Наурыз мейрамын Әзербайжан, Ауғанстан және Орталық Азия елдерінің Елшіліктерімен бірлесіп атап өтті

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі Наурыз мейрамын Әзербайжан, Ауғанстан және Орталық Азия елдерінің Елшіліктерімен бірлесіп атап өтті

Вашингтон, 2021 жылдың 19 наурызы – «Meridian International Centre» және «Oxus society» ұйымдарының қолдауымен жеті елдің – Әзербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Елшіліктерінің қатысуымен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін виртуалды түрде атап өту іс-шарасы ұйымдастырылды.

Құрметті қонақтардың қатарында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысының Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Мэтью Луссенхоп, АҚШ Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Грегори Микс және АҚШ Ұлттық гвардия бюросы бастығының орынбасары Марк Сассевиль, сондай-ақ АҚШ-тың Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия бойынша Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чокси болды.

Іс-шара барысында Мемлекеттік хатшы Э.Блинкен құттықтау сөз сөйлеп, жыл сайын АҚШ-тың көптеген азаматтары Наурыз мейрамын мерекелейтінін атап өтті. «Наурыз әрдайым жаңаруды, Жаңа жылды, жаңа мүмкіндіктер мен үмітті білдіреді», - деп түйіндеді Э.Блинкен.

Өз сөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі көмекшісінің міндетін атқарушы Мэтью Луссенхоп бүкіл әлемнің Наурызды мерекелеуі барлығына мәдени мұрадағы ортақ құндылықтардың барлығы туралы ой  туғызатынын атап өтті.

АҚШ Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Грегори Микс Наурыз ортақ мәдениеттер, мұралар мен құндылықтарының бай тарихы екенін атап өтті. Мәдени әралуандықты және әр түрлі қоғамдастықтар арасындағы достықты атап өте отырып, Наурыз мерекесі бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтарын насихаттайды мейрам екеніне көңіл аударды.

АҚШ-тың Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия бойынша Сауда палатасының аға вице – президенті Хуш Чокси өзінің бейнеқұттықтауында: «Биыл Наурыз мейрамын алғаш рет АҚШ Сауда палатасы атап өтеді – бұл америкалық бизнес пен өткен жылдың қыркүйегінде ресми түрде іске қосылған Қазақстан-Америка Іскерлік кеңесінің штаб-пәтері», - деп атап өтті.

Іс-шара қатысушыларына арнаған сөзінде Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов Қазақстанда Наурыз – табиғат жаңаруының ерекше мезгілі, бейбітшілік, жақсылық пен ынтымақтастық мерекесі екенін атап өтті. «Наурызды атап өтетіндердің барлығына бұл бірнеше күн өткен жылға ризашылықпен қарауға және болашаққа нық сезіммен қарауға мүмкіндік береді».

Сөз соңында онлайн-қатысушыларға Қазақстандағы Наурыз мейрамын тойлау мәдениеті мен дәстүрлері туралы бейнероликтер, сондай-ақ Маржан Капсаматтың орындауындағы ойнаған күй ұсынылды.

Қатысушы Елшіліктер дайындаған ұлттық тағамдар бар сыйлық себеттері құрметті қонақтарға дәм мен сый ретінде жолданған болатын.

Онлайн-іс-шараланың жазылған видеосы Oxus society ұйымының интернет-ресурстарында қолжетімді:

 

Youtube https://www.youtube.com/watch?v=Wrf23KwrjKc&ab_channel=TheOxusSocietyforCentralAsianAffairs

Facebook https://www.facebook.com/oxussociety/videos/761880154716321/