Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды.

2021 ж. 16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері -Ресей, Иран және Түркия, сондай - ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды.

Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады.