Вашингтонда Қазақстандағы парламенттік сайлау жөнінде брифинг өтті

Вашингтонда Қазақстандағы парламенттік сайлау жөнінде брифинг өтті

2021 жылғы  8 қаңтарда Елші Ержан Қазыханов ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлау қарсаңында АҚШ Конгресіне онлайн форматтағы брифинг өткізді.

Іс-шараға қатысушыларға Қазақстандағы демократиялық институттар мен рәсімдерді одан әрі жетілдіруге бағытталған реформалардың іске асырылу барысы, сондай-ақ сайлау процесі туралы ақпарат берілді.

Елдегі сайлау науқаны туралы хабардар ете отырып, Е.Қазыханов сайлауға дайындықтың негізгі кезеңдері, Қазақстанның сайлау заңнамасы, қатысатын партиялар, сондай-ақ халықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Қазіргі пандемия жағдайында Елші Е.Қазыханов мемлекеттің сайлау процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан қосымша шараларын ерекше атап өтті.

ҚР Елшісі Қазақстандағы демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті. Атап айтқанда, саяси партияларды тіркеу шегі төмендетіліп, әйелдер мен жастардың Парламенттегі өкілдігі артты.

«Еркін және әділ сайлау еліміздің Конституциясында бекітілген Қазақстанның мемлекеттік билігін ұйымдастырудың негізгі қағидаты болып табылады», - деп айтты Е.Қазыханов.

АҚШ-пен өзара іс-қимыл тұрғысында өз сөзінде ҚР Елшісі ү.ж. 8 қаңтарда қол қойылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ (АХҚО) мен АҚШ-тың Халықаралық даму қаржы корпорациясы (DFC) арасындағы инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімді баса айтты. Құжат Қазақстан Республикасында $1 млрд дейінгі сомаға АХҚО платформасы арқылы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді.

Брифинг қорытындысы бойынша Елші Е.Қазыханов заңнамаға өзгерістер енгізу, саяси партиялардың қызметі, мемлекеттің тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қалпында ұстау бойынша қабылдап жатқан шаралар жөнінде сұрақтарға жауап берді.