Елші Ержан Қазыхановтың «Global Ag Connect» онлайн форумына қатысуы

Елші Ержан Қазыхановтың «Global Ag Connect» онлайн форумына қатысуы

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов Небраскада орналасқан экономикалық даму департаменті және «Valley Irrigation» ұйымдастырған «Global Ag Connect» онлайн-форумында сөз сөйлеп, агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар мен технологияларды тарту арқылы Қазақстан экономикасын әртараптандырудың бар әлеуеті туралы баяндады.

Елші әсіресе пандемия кезінде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын атап өтті және қатысушыларды аймақтық нарықтарға назар аудара отырып, аграрлық сектордағы инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабардар етті. Елші Небраскадағы және басқа американдық компанияларға Қазақстанмен агробизнес жүргізуге қызығушылық танытқандары үшін ризашылығын білдірді.

Форум спикерлері өздерінің жаһандық бизнестерін кеңейтуге қызығушылықтарын білдіріп, Қазақстанмен ет өңдеу, су ресурстарды басқару, ирригация, аграрлық білім беру және жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.

«Global Ag Connect» Небраска экономикалық даму департаменті және «Valmont Irrigation» компаниясының өкілеттігі мен өзара ынтымақтастық бойынша Небрасканың және АҚШ-тың ауылшаруашылық компанияларына халықаралық компаниялармен болашақ серіктестік пен инвестициялық әлеует үшін іскерлік байланыс орнатуға жәрдемдеседі.