Елшілікте неке қию рәсімі өтті

Елшілікте неке қию рәсімі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының Вашингтон қаласындағы Елшілігінде Қазақстан азаматтары Мадалимов Медет пен Қасымғалиева Салтанаттың неке қию рәсімі өтті. Елшілік қызметкерлері неке қию рәсімінің куәгерлері ретінде қатысты.

Жас жұбайлар Вашингтонның жоғары оқу орындарының студенттері: Медет «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша магистрдің оқуын оқып, Салтанат – бакалавр дәрежесін алу үшін білім алуда. Ерлі-зайыптылар Вашингтонда оқу барысында танысқан.

Салтанатты іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің Консулдық бөлімінің басшысы Алмаз Садыров жас жұбайларға неке куәлігін табыс етті.

Жас жұбайларға зор денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз!

Рәсім барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.