
Құрметті Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары!
Сіздерді 2026 жылғы 15 наурызда өтетін Референдумға қатысуға шақырамыз!
2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша сағ. 07:00-ден 20:00 дейін) Америка Құрама Штаттарындағы ҚР Елшілігі жанындағы №381 дауыс беру учаскесінде жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдум өтеді.
Елшілік жанындағы № 381 учаскесіндегі тізімге, 18 жасқа толған, АҚШ-та уақытша немесе тұрақты тұратын және ҚР азаматының паспорты, жеке куәлігі бар барлық азаматтар енгізіледі.
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін АҚШ аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, АҚШ-тағы мекенжайы, байланыс нөмірі) consuldc16@gmail.com электрондық поштасына немесе +77712222324 WhatsApp нөміріне жолдау сұралады (ҚР Орталық комиссиясына жолдау мақсатында) және сайлау күні өздеріңізбен бірге ҚР азаматының төлқұжаты (паспорт немесе жеке куәлік, цифрлық құжат түрінде де болады (Egov.kz) болуы қажет.
Сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
Елшіліктің мекен-жайы: 1401 16th Street NW, Washington, DC 20036, +1-202-232-5488 (ішкі нөмірлер 127, 121).