Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Егерде Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз бұрынырақ Қазақстан Республикасы Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігімен жариялаған «Жылдың волонтеры» халықаралық конкурсына қатыса аласыз.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk

Хабарлағанымыздай, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды көтермелеуге бағытталған.

2020 жылғы 26 қазанда өтінімдерді қабылдау басталды.

Егер Сізді қызықтырса және конкурсқа қатысуды жоспарлайтын болсаңыз, келесі сілтеме арқылы өтінішті жіберіп, qazvolunteer.kz интернет-платформасында волонтерлік қызмет туралы мәліметтерді толтыруыңыз керек: award.qazvolunteer.kz

Өтінімдер 2020 жылғы 15 қараша сағат 09: 00-ге дейін жалғасады.

Байқау шарттары туралы толық мәлімет:

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/77386?lang=kk

Қазақстан Республикасы

Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігі