
АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді.
Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.
Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.
Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, «Шымбұлақ» тау шаңғысы кешені мен «Медеу» мұз айдынына барды.
Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды.