Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады

Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады

2025 ж. 23 қыркүйек, Нью-Йорк қ. – Президент ExxonMobil корпорациясының басшысын қабылдады.

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсқа ілтипат білдіріп, Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі серіктестерінің біріне айналған коммерциялық ұйыммен ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Даррен Вудс компанияның Теңіз және Қашаған кен орындарындағы перспективасы жөнінде пікір алмасты.