Вашингтонда сыни минералдар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Вашингтонда сыни минералдар саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Вашингтон, 2025 жылғы 4 маусым – Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Ашықбаев Орталық Азияның сыни минералдар саласындағы әлеуетіне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі. Іс- шара америкалық ой-талқы орталығы ұйымдастырған «АҚШ-Орталық Азия» форумы аясында өтті.

Сессияны АҚШ сенаторы Стив Дэйнс ашып, ол Орталық Азияның сыни минералдар, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуетін ерекше атап өтіп, өңірмен ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, ол Джексон-Вэник түзетулерін жою қажеттігін айтып, бұл мәселелерді алға жылжыту үшін АҚШ Әкімшілігімен жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Е.Ашықбаев өз сөзінде сыни минералдарды жеткізудің сенімді жаһандық тізбегін дамытуға үлес қосу үшін елдің стратегиялық мүмкіндіктерін атап өтті. Ол Қазақстанның ірі шикізат ресурстарына ғана емес, оларды қайта өңдеу бойынша дамыған өнеркәсіптік базаға, заманауи инфрақұрылымға, тұрақты саяси ахуалға, болжамды реттеуші ортаға, білікті және заманауи жұмыс күшіне, сондай-ақ негізгі әріптестермен теңгерімді қатынастарға ие екенін атап өтті. 

Елші Қазақстан қазіргі таңда АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) тізіміне енгізілген 50 сыни минералдың 20 түрін дайын өнім ретінде жеткізе алатынын және бұл өнімдер стратегиялық экономикалық секторларда сұранысқа ие екенін атап өтті.

Қазақстандық дипломат елдің кешенді тәсілге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігіне ерекше назар аударды. Бұл сыни минералдарды өңдеу және өндіру, көлік инфрақұрылымын АҚШ-тың даму институттарының қолдауымен дамыту, сондай-ақ ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасау үшін америкалық инвестиция тарту мәселелерін қамтиды.

Іс-шараға 100-ден астам адам, оның ішінде америкалық сарапшылар мен іскерлік қоғамдастықтың, сондай-ақ БАҚ-тың 100-ден астам өкілдері қатысты.