Польшада Қазақстанның қаза тапқан жауынгерлерінің рухына тағзым етілді

Польшада Қазақстанның қаза тапқан жауынгерлерінің рухына тағзым етілді

Варшава, 2025 жылғы 8 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын атап өту аясында Варшавадағы совет жауынгерлерінің мемориалдық зиратында қазақ жауынгерлерінің қабірлеріне гүл шоғын қою рәсімі өткізілді. Бұл салтанатты шараға Қазақстанның Елшілігі мен Әскери атташенің қызметкерлері қатысты. Дипломаттар қаза тапқан совет жауынгерлерінің рухына бір минуттық үнсіздікпен тағзым етті.

Ақпарат үшін: Варшавадағы Жвирки және Вигуры көшелерінде орналасқан совет жауынгерлерінің зираты 1950 жылы ашылды. Бұл жерде 19,2 гектар аумақта Варшаваны азат ету кезінде қаза тапқан 22 мың совет жауынгері жерленген, олардың арасында қазақ жауынгерлері де бар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада 27 мың қазақстандық қаза тапқаны белгілі. Аталған зират Польшадағы совет жауынгерлерінің ең үлкен жерленімі болып табылады.