Варшава, 2024 жылғы 12 қараша - Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігі мен Польша Ғылым академиясы тарихи Сташиц сарайында «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты картографиялық көрме және презентация ұйымдастырды.
Көрменің ашылуында Польша Ғылым академиясының Вице-президенті Мирослава Островска бұл шараның Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени диалогты тереңдетудегі маңызды рөлін атап өтті.
Польшадағы Қазақстанның Елшісі Алим Кирабаев өз сөзінде көрмеде ұсынылған карталардың халықаралық қауымдастықтың Қазақстанды түрлі тарихи кезеңдерде қалай қабылдағаны туралы құнды ақпаратқа ие екенін атап өтті.
Іс-шара барысында ғылыми зерттеу авторы – Заманауи зерттеулер институтының директоры, Қазақстанның ізгі ниет Елшісі, профессор Мұхит - Ардагер Сыдықназаров ғылыми баяндама жасады.
Ғалым поляк аудиториясына өзінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижелері жөнінде, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттілігін бейнелейтін карталарды Еуропа, Америка және Таяу Шығыс елдерінің ұлттық кітапханаларында, мұражайларында және архивтерінде іздестіруі туралы толық баяндады.
Профессор М. Сыдықназаров карталардың мәдени және тарихи ақпараттың негізгі тасымалдаушылары ретіндегі маңыздылығын және олардың тек географиялық объектілер емес, сонымен қатар қазақ мемлекетінің дамуы мен оның бай мәдени мұрасының құнды дәлелдері болып табылатындығына назар аударды.
Іс-шараға Польшаның академиялық қоғамдастығының, дипломатиялық корпусының және мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.
Картографиялық көрме Қазақстан тарихына польшадық ғалымдар мен студенттер арасындағы қызығушылықтың артуына ықпал еткен маңызды оқиға болды, бұл өз кезегінде, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени диалогтың әрі қарай дамуына және бірлескен ғылыми жобалардың өрлеуіне септігін тигузіде.