Нью-Йорк, 2024 ж. 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамбелясының 79-сессиясы аясында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Испанияның Сыртқы істер министрі Хосе Альбареспен, Латвияның Сыртқы істер министрі Байба Бражемен, Люксембургтің Сыртқы істер министрі Ксавье Беттельмен, Польшаның Сыртқы істер министрі Радослав Сикорскиймен және Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен екіжақты кездесулер өткізді. Еуропалық әріптестермен Қазақстанның аталған Еуропа елдерімен ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық күн тәртібіне қатысты жан-жақты пікір алмасу өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі өзара сапарларды ұйымдастыру туралы бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді.