Польша Қазақстанмен іскерлік әріптестікті нығайтуға ниетті

Польша Қазақстанмен іскерлік әріптестікті нығайтуға ниетті

Варшава қ., 2024 жылғы 7 маусым. Қазақстан Елшісі Әлім Кирабаев поляк Инвестициялар және сауда агенттігінің (PAIH) жаңа тағайындалған президенті Анджей Дыхамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Екі ел бизнесінің ынтымақтастыққа деген жоғары қызығушылығын ескере отырып, поляк компанияларының Қазақстанға бизнес-миссияларын ұйымдастыру жоспарлары қаралды.

PAIH Президенті А.Дыха Қазақстан Орталық Азиядағы Польшаның негізгі стратегиялық серіктесі болып қала беретінін және де елімізбен өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

Орта дәлізді дамытудың өзектілігін ескере отырып, осы көлік бағытын жаңғырту жөніндегі жобаларға қатысу бойынша поляк бизнесінің алдында ашылатын перспективаларды атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыста болуға және ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары туралы ақпарат алмасуды жалғастыруға келісті.