Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздерді 11-ші Азия конгресі аясында «Қазақстан күнін» өткізуге қатысуға шақырамыз.
Іс-шарада қатысушылар Қазақстанның саяси және экономикалық өмірінде болып жатқан реформалармен, сондай-ақ елдің инвестициялық әлеуетімен және ынтымақтастық үшін перспективалы бағыттармен таныса алады.
Бұдан басқа, бұл бірегей іс-шара Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихына сүңгуге, сондай-ақ қазақстандық табиғаттың көркем пейзаждарын тамашалауға мүмкіндік береді.
Іс-шара 2024 жылдың 22 мамырында Н.Коперник университетінде (экономикалық ғылымдар және менеджмент факультеті) Торун қаласы, Гагарин көшесі, 13А өтеді.
Сіздерді «Қазақстан күніне» қатысушылар қатарынан көруге қуаныштымыз.