Варшавада Орталық Азия ынтымақтастық векторының басымдығы расталды  

Варшавада Орталық Азия ынтымақтастық векторының басымдығы расталды   

Варшава, 2024 жылғы 14 ақпан – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаевтың Польша Президенті Кеңсесінің Халықаралық саясат бюросының басшысы Мешко Павлякпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның дипломатиялық миссиясының басшысы сұхбаттасушыны Қазақстан мен Польша ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективаларымен, соның ішінде осы жылға жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесімен, сондай-ақ өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудегі қазақстандық көзқарастармен таныстырды.

 Қазақстан мен Польшаның қолда бар әлеуетін негізге ала отырып, басым назар екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету қажеттілігіне, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік маршрутының транзиттік мүмкіндіктерін пайдалану арқылы аударылды.

Сонымен қатар, Елші сұхбаттасушыны елімізде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, сондай-ақ жаңа экономикалық саясаттың негізгі тезистерімен және Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың қаңтар айындағы мақаласымен, соның ішінде Қазақстанның жаңа үкіметінің алға қойған міндеттерімен таныстырды.

Өз кезегінде М.Павляк Варшаваның Қазақстанмен және жалпы Орталық Азия өңірімен өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға басты мән беретінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі талқылау мақсатында тығыз байланыстарды жалғастыруға келісті.