Варшавада түркі әлемімен ынтымақтастық жолдары талқыланды

Варшавада түркі әлемімен ынтымақтастық жолдары талқыланды

2023 жылғы 20 қазанда Қазақстанның Польшадағы Елшілігі мультимәдениетті диалогты ілгерілету мақсатында түркітілдес елдер мен Польшаның академиялық топтарының өкілдері үшін пікір алмасу және ғылыми зерттеулер үшін беделді алаң болып табылатын «Польша және Түркі әлемі» халықаралық конференциясына қатысты.

Варшава университетінінің қабырғасында ұйымдастырылған іс-шара аясында қазақстандық суретші Зара Бергманның «Nomadic Heritage» көрмесі өтті.