Қазақстан мен Польша дін саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын

Қазақстан мен Польша дін саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын

Астана, 2023 жылғы 10 қазан – ҚР Варшавадағы Елшілігінің бастамасымен 10-13 қазан аралығында Польша Мұсылмандар діни одағының Жоғарғы алқасының төрағасы, мүфти Т.Миськевичтің Қазақстанға сапары өтуде.

Сапар аясында ү.ж. 10 қазанда Т.Миськевич Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Польшаның дін саласындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Т.Миськевич дінаралық және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделін жоғары бағалады. Бұл тұрғыда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің бастамаларын одан әрі ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Польшаның Мұсылмандар діни одағы арасында Ислам ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат тәжірибе алмасуға, сондай-ақ екі ел халықтарының қалыптасқан достық қарым-қатынастарын ескере отырып, дін саласында ұзақ мерзімді өзара әрекеттестік орнатуға бағытталған.