Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне және Рим Папасының сапарына дайындалуда

Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне және Рим Папасының сапарына дайындалуда

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 26 тамыз - 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Қазақстан астанасында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне дайындық өз мәресіне жетті.

Іс-шараға 60 елден 100-ге жуық делегация, соның ішінде ислам, христиан, иудаизм, синтоизм, буддизм, зороастризм, индуизм және басқа діндердің өкілдері қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында Рим Папасы Франциск, әл-Азхардың Жоғарғы имамы Ахмед Мохаммед Ахмед ат-Тайеб, Иерусалим Патриархы Теофил III, Ашкеназдың бас раввині Давид Лау, Израильдің Бас сефард раввині Ицхак Иосиф және басқа да діни жетекшілер, сонымен қатар бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Осы Съездің тақырыбы «Әлемдік және дәстүрлі конфессиялар көшбасшыларының пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың әлеуметтік-рухани дамуындағы рөлі» ретінде белгіленді. Оның аясында діндердің рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы, білім беру мен дінтанудың діедердің бейбіт өмір сүруіне ықпал етудегі, әсіресе діни негіздегі экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылдағы рөлі және әйелдердің қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі туралы мәселелерді қамтитын төрт секциялық отырыс ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, Католик Шіркеуінің Басшысы Қазақстанға екінші рет келіп отырғанын атап өтеміз. Рим Папасы Францисктің елімізге мемлекеттік сапары Рим Папасы Иоанн Павел II Қазақстанға 2001 жылы келгеннен кейін алғаш рет өтеді.

Сонымен қатар, алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне, сондай-ақ Рим Папасының Қазақстанға сапарына шетелдік журналистерді аккредиттеу ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін жалғасатынын еске саламыз.