«Astana Finance Days 2022» конференциясы туралы

«Astana Finance Days 2022» конференциясы туралы

27-29 маусымда «Астана» халықаралық қаржы орталығы орнықты даму, әлеуметтік жауапкершілік және өсу мәселелеріне арналған «Astana Finance Days» V конференциясын өткізеді. Astana Finance Days – өңірдегі қаржы саласындағы ең ірі конференциялардың бірі. Соңғы төрт жыл ішінде конференция 100-ден астам елден 15000-нан астам қатысушыны тартты. «Орнықты даму, әлеуметтік жауапкершілік, өсу» жалпы тақырыбына арналған конференция бағдарламасы мынадай іс-шаралардан тұрады:

1. Капитал нарықтары форумы

2. Бөлшек инвесторлар форумы

3. Ислам қаржысы конференциясы

4. Реттеушілік форум

5. Fin & Tech форумы

6. Жасыл өсу форумы

7. АХҚО құқық конференциясы

8. Білім беру технологияларының форумы

9. Жаңа экономикаға инвестициялар

10. Инвестициялық форум

11. Басқа

AFD спикерлері мен қатысушыларының қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.

Тіркелу:

https://astanafindays.org/kz/register