
2021 жылдың 1 шілдесінде Познань қ. Адам Мицкевич атындағы Университетінде Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын дамытуға қосқан үлесі, сонымен қатар, Абайдың "Қара сөздері" шығармасын поляк тіліне жасаған аудармасы үшін профессор Хенрик Янковскийге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс ету рәсімі өткізілді.
Познань университеті басшылығының қатысуымен өткен салтанатты табыс ету рәсімі барысында Қазақстанның Польшадағы Елшісі Әлім Қирабаев ұлы ақын Абайдың шығармаларын Польшада насихаттағаны үшін профессор Хенрик Янковскийге ризашылығын білдіріп алдағы уақытта творчестволық табыс тіледі.
Өз кезегінде профессор Хенрик Янковски Мемлекет басшысына алғыс сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.