Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеу қандас талапкерлер үшін 2021 жылғы маусым айында 2020 жылғы тәжірибені ескере отырып онлайн форматта өтетінін хабарлаймыз.
Тест тапсыруға тіркелу app.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады. Тіркелуге қажетті ЖСН алу үшін info@testcenter.kz электронды поштасына талапкер өзінің паспортын және кириллицамен жазылған толық аты-жөнін жіберуі тиіс. Тіркелу кезінде талапкер ҰБТ өткізілетін күнді, уақытты және орынды таңдай алады. Тестілеу онлайн форматта маусымның 10-13 күндері өтеді. Тестілеу құны - 2242 теңге.
Толық ақпарат, сұрақ-жауаптар және тест тапсыру нұсқаулығы https://t.me/otandastarbilim телеграм каналында жүргізілуде.