Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективалары Варшавада талқыланды

Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективалары Варшавада талқыланды

Варшава, 2026 жылғы 24 маусым – Польша Республикасының Сенатында Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Сенаторы, Қазақстан–Польша парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі Казимеж Клейнамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ ағымдағы жылдың 18–20 маусымында Қазақстанға жүзеге асқан Польша Республикасы Сенаты Маршалы Малгожата Кидава-Блоньсканың ресми сапарының қорытындыларын саралады.

Сенаторға еліміздегі саяси жаңғырудың негізгі бағыттары, оның ішінде алдағы Құрылтай сайлауына дайындық және Қазақстандағы конституциялық реформаларды іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.

Тараптар сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ), ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы және өзге де еуропалық институттар аясындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде тараптар поляк зиялылары өкілдерінің Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын дамытуға қосқан үлесін зерттеу мен насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын да талқылады.