
Варшава, 2026 жылғы 10 наурыз - Варшавадағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Польша инвестициялар және сауда агенттігінің (PAIH) қолдауымен Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктеріне арналған поляк бизнес өкілдеріне арналған кезекті вебинар өтті.
Вебинар жұмысына шамамен 200 поляк компаниясы қатысты.
Қазақстанның инвестициялық әлеуеті туралы презентацияны Елшіліктің кеңесшісі Лариса Жұмағалиева таныстырып, елде бизнес жүргізудің негізгі артықшылықтарын, сондай-ақ көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс индустриясы, жаңартылатын энергия көздері, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу салаларындағы перспективалы ынтымақтастық бағыттарын атап өтті.
Вебинар барысында PAIH өкілдері, сондай-ақ Қазақстанда табысты кәсіпкерлік қызмет жүргізіп отырған поляк компанияларының өкілдері сөз сөйледі.
Вебинарға қатысушылар ұсынылған мүмкіндіктер мен Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларына жоғары қызығушылық танытты.