РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрметті отандастар!

2026 жылғы 15 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 435 учаскеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді.

Елшілік мекенжайы: 02-984 Warszawa, ul. Królowej Marysieńki 14.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2026 жылғы 11 ақпанда қол қойды.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігі жанындағы №435 учаскесінің тізіміне Польшада тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

Құрметті азаматтар!

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтырып, референдумға қатысуыңызды растауды сұраймыз:

🔗https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSetbumd2JMABN5GPIj8Omfm5gG0RWXFnGp-oq1UcDJOsPqjWg/viewform?usp=header

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуды сұраймыз:

+48-22-6542-53-88.

Құрметпен,

Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі.