
Варшава, 2025 жылғы 29 желтоқсан — Польшадағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде балаларға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Жас қонақтар үшін аниматорлардың қатысуымен ойындар, байқаулар мен билерді қамтыған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады. Мерекенің соңында барлық қатысушыларға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.