Быдгощ қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Быдгощ қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Быдгощ, 2025 жылғы 19 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі Быдгощ қаласындағы Экономика жоғары мектебімен және Абай атындағы «Qazak Eli» қазақ мәдени орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараға жергілікті академиялық қауымдастық өкілдері, қазақ диаспорасы мен Қазақстан Республикасынан келген студенттер қатысты. Құттықтау сөзінде Елшілік өкілі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің маңызын атап өтіп, қазақстан-поляк қатынастарының жоғары деңгейін, сондай-ақ жастар мен студенттердің екіжақты гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Іс-шараның мәдени бағдарламасы домбырада жеке орындауларды, қазақтың дәстүрлі және заманауи музыкалық әрі би қойылымдарын, поэзия оқуларын, сондай-ақ мәдени бастамалардың таныстырылымын қамтыды.

Аталған іс-шара Қазақстан тарихы мен мәдениетін шетелде кеңінен насихаттауға, Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ Польша аумағындағы қазақстандық студенттер мен диаспораның бірлігін арттыруға бағытталды.