Варшава, 2025 жылғы 6 қараша - Қазақстан Республикасының Елшілігінде Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Басқарма Төрағасы Петр Гузовский бастаған Польша-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасының өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Польша сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту бойынша практикалық қадамдарды талқылады.
Өзара инвестицияларды ынталандыруға, өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, көлік-логистикалық өзара іс-қимылға, ауыл шаруашылығы, энергетика және инновациялар салаларындағы бірлескен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Елші Н.Жалғасбаев Қазақстанның Польшамен сауда-экономикалық қарым – қатынастарды нығайтуға үлкен мән беретініне тоқталып, іскер топтар арасындағы диалогты дамытудың тиімді алаңы ретінде Поляк-Қазақстандық Сауда-Өнеркәсіп палатасының маңызды рөлін атап өтті.