Варшава, 2025 жылғы 17 шілде – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев М.Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институттың президенті Кшиштоф Залевскиймен және Институт Қоры Кеңесінің мүшесі Ежи Оледзкиймен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы ынтымақтастықты сараптамалық байланыстарды нығайту арқылы ілгерілету перспективаларын талқылады. Н. Жалғасбаев сараптамалық орталықтардың (think tanks) қоғамдық дипломатиядағы және елдің шетелдегі объективті бейнесін қалыптастырудағы маңызды рөлін атап өтті. Польшалық сараптамалық орталармен ынтымақтастықты тереңдету тікелей ақпарат алмасуды жолға қоюға, поляк қауымдастығын Қазақстан мен Орталық Азия туралы кеңінен хабардар етуге, сондай-ақ өңірде болып жатқан үдерістердің неғұрлым дәл қабылдануына септігін тигізетіні айтылды.
Қазақстанның берік, конструктивті және болжамды әріптес ретіндегі орныққан ұстанымына назар аударылып, бұл оны сараптамалық зерттеу тұрғысынан маңызды нысанға айналдыратынына көңіл бөлінді. Сонымен қатар, Польша сараптамалық орталықтарының қазіргі геосаяси үдерістерді зерделеп, ЕО – Орталық Азия форматындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеуде белсенді рөл атқара алатыны атап өтілді.
К.Залевский қазақстандық тараппен өзара іс-қимылды кеңейтуге қызығушылық білдіріп, польшалық сараптамалық орталықтарының Орталық Азияға деген өсіп келе жатқан қызығушылығын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның Шығыс пен Батыстың түйіскен тұсында орналасқан, белсенді әрі прагматикалық сыртқы саясат жүргізетін және жаһандық логистикалық әрі экономикалық тізбектерге елеулі үлес қосатын ел ретіндегі стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
Сұхбаттасу аясында тараптар халықаралық және екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты. Қазақстандық дипломат поляк сарапшыларын қызықтырған өңірлік және жаһандық саясаттың жекелеген аспектілері бойынша жан-жақты ақпарат ұсынды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға, оның ішінде бірлескен іс-шаралар, сараптамалық зерттеулер және сарапшылармен алмасу ұйымдастыруға уағдаласты.
Анықтама үшін: М.Бойм атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институты – Азия бағытындағы саяси, экономикалық және мәдени үдерістерді зерттеумен айналысатын польшалық тәуелсіз сараптамалық орталық. Институт Польшаның мемлекеттік органдарымен (Президент аппараты, Премьер-министр канцеляриясы, Сыртқы істер министрлігі) ынтымақтастық аясында сараптамалық және сыртқы саяси талқылауларда қолданылатын талдамалық материалдар мен ұсынымдар әзірлейді. Орталық Азия – Институттың кең өңірлік сараптамасы аясындағы тұрақты бағыттарының бірі болып табылады.