Варшава, 2025 жылғы 2 шілде - Польшаның сыртқы саясат ведомствосында Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Көпецкиймен кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында қазақстан-поляк ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы туралы жан-жақты пікір алмасу өтті. Үстіміздегі жылдың мамыр айында Варшавада өткен Қазақстан мен Польша Сыртқы істер министрлерінің кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша басым салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге өзара дайындық расталды.
Кездесуде көпжақты алаңдарда өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Поляк дипломаты Президент Қ.Тоқаевтың халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ еліміздің ЕО-мен сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар болды.
Өз тарапынан Польша Сыртқы істер министрінің орынбасары Қазақстанның аймақтағы Польшаның ең маңызды серіктесі болып табылатынын мәлімдеді және Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға зор мүдделілігін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға келісті.