Қазақстан мен Польша парламентаралық байланыстарды нығайту жолдарын талқылады

Қазақстан мен Польша парламентаралық байланыстарды нығайту жолдарын талқылады

Варшава, 2025 жылғы 24 маусым – Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нурлан Жалғасбаев Польша Сеймінің депутаты, «Қазақстан–Польша» парламентаралық ынтымақтастық тобының төрайымы Барбара Бартущпен кездесті.

Польша депутаты Қазақстанның екіжақты ынтымақтастықты дәйекті дамытуға бейілділігі туралы хабардар болды. Парламентаралық диалог арқылы саяси өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мен инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан нарығында ірі поляк бизнестің кеңінен өкілдік табуы және олардың санын артуына қолайлы алғышарттардың бар екендігі атап өтілді.

Өз кезегінде, Б.Бартущ қазақстандық дипломатты тағайындалуымен құттықтап, Астана Польшаның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі екенін атап өтті. Сейм депутаты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жөніндегі ұсыныстарға қолдау білдірді.