Қазақстан поляк бизнесі үшін жаңа көкжиектер ашуда

Қазақстан поляк бизнесі үшін жаңа көкжиектер ашуда

Варшава, 2025 жылғы 17 маусым - Қазақстан Республикасының Варшавадағы Елшілігі мен Поляк инвестициялар және сауда агенттігінің (PAIH) қолдауымен поляк бизнесінің өкілдеріне арналған "Компания құру және Қазақстанда бизнес жүргізу: практикалық және құқықтық аспектілер" тақырыбында кезекті вебинар өтті. Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің тұсаукесерін Елшіліктің Кеңесшісі Лариса Жұмағалиева табыс етіп, елдің негізгі экономикалық жетістіктері туралы, сондай-ақ инвесторларды қолдау және бағыттау үшін Қазақстанда жұмыс істейтін тиімді тетіктер мен платформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Қазақстандағы Польша Республикасының дипломатиялық миссиясының басшысы Михал Лабенда мырза вебинар қатысушыларына өз алғы сөзін жолдады.

Ол Қазақстан экономикасының жетістігін жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың зор әлеуетіне сенім білдіріп, поляк компанияларын Қазақстанмен іскерлік байланыстарды белсендірек дамытуға шақырды. Вебинарда сондай-ақ PAIH, «Kazakh Invest» Инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық агенттігі, сондай-ақ «Aequitas» заң фирмасы өкілдерінің Қазақстан нарығына шығудың практикалық және құқықтық аспектілері жөніндегі  презентациялары ұсынылды.

Вебинар қатысушыларының жоғары белсенділігі Польша бизнесінің Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге және оның инвестициялық әлеуетін игеруге деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдеді.