Астана мен Варшава екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруда

Астана мен Варшава екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруда

Варшава, 2025 жылғы 12 маусым - Қазақстанның Польшадағы Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Поляк инвестициялар және сауда Агенттігінің (PAIH) Президенті Анджей Дыхамен кездесті.

Екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі және оны одан әрі дамыту жолдары талқыланды.

Бірлескен бастамалар мен инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы PAIH -тың жетекші рөлі ерекше атап өтілді.

Тараптар ақпараттық технологиялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және литий-ионды аккумуляторлар өндірісі сияқты салалардағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін атап өтті.

Польша Агенттігінің Президенті инвестиция тарту бойынша қазақстандық агенттікпен ынтымақтастықты кеңейту туралы бастамасын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиісті ведомстволар арқылы тәжірибе алмасу бойынша күш-жігерді жандандыруға келісті және одан әрі ынтымақтастық үшін нақты қадамдарды белгіледі.