Қазақстан Елшісі Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсырды

Варшава, 2025 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Варшаваның Белведер сарайында Польша Президенті Анджей Дудаға сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімнен кейін Польша мемлекетінің басшысымен әңгімелесу барысында қазақстандық дипломат еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөздерін жеткізіп, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі басымдықтары, елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Қазақстан мен Польша арасындағы қатынастардың жағдайын талқылай отыра тараптар саяси диалогтың жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, екі елдің экономикасы мен мәдени-гуманитарлық байланыстарының қарқынды дамуына өзара берік көзқарас білдірді.

Польша президентінің пікірінше, Қазақстан Польшаның Орталық Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылады.

Кезедесу қорытындысында А. Дуда Қазақстан халқына және еліміздің басшылығына ізгі тілектерін жеткізіп, қазақстандық дипломатты ресми қызметке кірісуімен құттықтай отыра барлық салаларда қазақстан-поляк қатынастарының одан әрі нығаюына табыс тіледі.