Меню
Страницы
Екіжақты ынтымақтастық
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Байланыс ақпарат
Все материалы
ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Шетелде некені бұзуды мемлекеттік тіркеу
28 декабря 2023
  • Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттар (салыстыру үшін);

3) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

  • Хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдармен не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешімі негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

1) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде жұбайлардың бірінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);

3) жұбайын хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп тану не қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімі (салыстыру үшін);

4) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

5) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • жеке тұлғалармен бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң;
  • хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылған немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу екінші жұбайының көрсетілетін қызметті берушіден қамаудағы не әрекетке қабілетсіз жұбайының қорғаншысынан немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайының мүлкіне қорғаншыдан хабарлама алған күннен бастап қырық бес күн мерзім өткен соң жүзеге асырылады;
  • құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушыны қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
  • Сомасы – 40 евро

-  

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

15:00-ден 16:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Шетелде неке қиюды мемлекеттік тіркеу
25 декабря 2023

Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

1) некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;

2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;

4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар (АХАЖ АЖ да өтініш берушілер туралы мәліметтер болған кезде талап етілмейді);

5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);

6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.

Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:

1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып қажетті құжаттарды қоса береді;

2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);

3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);

4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

  • ҚР шет елдегі мекемеге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік он бес күн өткен соң;
  • некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде Консул неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады;
  • ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.
  • Сомасы – 30 еуро

-  

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

15:00-ден 16:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Шетелде баланың тууын мемлекеттік тіркеу
25 декабря 2023

Баланың тууын тіркеу үшін екі ай ішінде, ал бала өлі туылған жағдайда – туған сәттен бастап бес тәуліктен кешіктірмей мыналарды беру қажет:

1) баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);

3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

4) егер баланың ата-анасының бірі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, қазақстандық үлгідегі куәлік алуға нотариалды расталған келісім;

5) егер ата-анасының біреуі шет мемлекеттің азаматы болып табылса, құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды расталған аудармасы;

6) ата-анасының неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін);

7) баланың туу туралы медициналық куәлігі немесе баланың туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі не туу туралы куәліктің түпнұсқасы (салыстыру үшін) не баланың туу туралы актілік жазбаның көшірмесі;

8) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

 Баланың тууын тіркеу мерзімі бұзылған жағдайда ата-аналардың еркін түрде жазылған жазбаша түсініктемесі қосымша ұсынылады.

 Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

 Қазақстан Республикасынан тыс тиісті шет мемлекеттің тілінде берілген құжаттар мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылуға жатады.

 Әке болуды анықтаумен байланысты туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда:

1) әкелікті анықтауға байланысты тууды мемлекеттік тіркеу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы өтініш;

2) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

  • Шет елдегі мекемеге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
  • Порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.
  • Сомасы – 20 еуро

-  

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

15:00-ден 16:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
ҚР оралуға арналған куәлікті ресімдеу
24 декабря 2023

Қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат.

 Қайтып оралуға арналған куәлікті Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер):

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және келісімдерінде көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының қызметтік немесе дипломатиялық паспортын жоғалтқан не олардың қолданылу мерзімі өткен жағдайда;

2) Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтарына – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда;

3) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта азаматтығы жоқ адамның куәлігін жоғалтқан жағдайда;

4) босқындарға – олар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған уақытта жол жүру құжатын жоғалтқан жағдайда;

5) Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына келу үшін құжаттары жарамсыз не Қазақстан Республикасына келуге арналған құжаттарын жоғалтқан азаматтығы жоқ адамдарға – олар Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген, Қазақстан Республикасына ұстап берілген не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасына берілген жағдайларда;

6) осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға – олар «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 3) немесе 6) тармақшаларына сәйкес жарамсыз жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсырған жағдайда ресімдейді.

1) еркін нысандағы өтініш немесе шет мемлекеттің құзыретті органының қолдаухаты (Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасына шығарып жіберілген немесе Қазақстан Республикасына берілген жағдайда);

2) жеке басын куәландыратын құжатты жоғалтқаны туралы өтініш беру фактісін растайтын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (жоғалтқан жағдайда);

3) өлшемі 3х4 см түрлі-түсті екі фотосурет;

4) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттардың (болған кезде) бірінің түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін жеке басты куәландыратын электронды құжат, ал ол болмаған жағдайда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес толтырылған Сауалнама-өтініш;

6) жынысының өзгеру фактісін растайтын шет мемлекеттің медициналық мекемесі берген тиісті құжат тапсырылады (жынысын өзгерткен жағдайда).

  • 2 (екі) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болған кезде;
  • 10 (он) жұмыс күні, жеке басты куәландыратын құжаттардың бірінің түпнұсқасы болмаған кезде.
  • Сумма – 10 еуро

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

15:00-ден 16:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
ҚР азаматының паспортын ресімдеу
21 декабря 2023

Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттарды ресімдеу

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан – әрі ҚР ІІМ) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы):

1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратындарға;

2) шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатындарға;

3) шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтіндерге;

4) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандарға;

5) көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;

6) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатындарға;

7) шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;

8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасауға қабілетсіз адамдарға (қарттар) және организм функциялары бұзылып, тұрмыс-тіршілігін шектейтіндей тұрақты денсаулығы нашарлаған адамдарға, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтуді жүзеге асыратын адамдарға;

9) шет мемлекеттің аумағында ұсталғандарға немесе күзетпен ұсталғандарға, қамауға алынғандарға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеушілерге көрсетеді.

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзі (балалар мен сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге Өтініш және келесі құжаттарды ұсынады:

2) туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат.

Шетелдік ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);

4) өлшемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті төрт фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75%-ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);

5) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) 1974 жылғы үлгідегі паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);

6) Қазақстан Республикасының азаматы алғаш рет паспорт алған кезде (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) шетелге бару үшін берілген паспорт (Қазақстан Республикасының азаматтығы расталған кезде);

7) тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу фактісін, отбасы жағдайын растайтын, тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар деген құжат (түпнұсқа және көшірме);

8) егер мұндай анықтаманы алу мүмкіндігі болатын елдің заңнамасында көзделген болса, консулдық орналасқан елдің құзыретті органынан азаматтығы жоқ екендігі туралы анықтама;

9) консулдық алымның төленгенін растайтын құжат.

  • 90 (тоқсан) күнтізбелік күн.
  • Сумма – 75 еуро

Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма:

9:30-дан 12:30-ға дейін – құжаттарды қабылдау

15:00-ден 16:00-ге дейін – құжаттарды беру

Сәрсенбі: құжаттарды өңдеуге арналған техникалық күн

Телефон: , E-mail:

 

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Қазақстаннан тыс жерде тұрақты тұруға рұқсат алу
20 декабря 2023

Мемлекеттік қызметті алу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының өздері немесе олардың заңды өкiлдерi (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге келесі құжаттарды ұсынады:

Осы қызметті ұсынуға құжаттарды тапсырар алдында сілтемелер бойынша ҚР-да берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді алдын ала тексеруді ұсынамыз:

1) өтініш-сауалнама;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және/немесе баланың туу туралы куәлігін немесе анықтамасын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші олардың көшірмелерін көшіреді, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Қазақстан Республикасының жеке куәлігінің түпнұсқасы алынады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда жазбаша түсініктеме береді.

3) Отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелер болған кезде – алимент алушылар - егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге тәсілмен төлеу не кететін адамның кетуі үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін белгілеу туралы соттың шешімі беріледі;

4) сот бекіткен, өндіріп алушымен жасалған бітімгершілік келісім; өндіріп алушымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім; өндіріп алудың немесе атқарушылық құжаттың өзге талабының орындалғанын растайтын құжаттар; егер Қазақстан Республикасының азаматы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылса, атқарушылық құжатты беруге негіз болған тиісті орган шешімінің күші жойылғанын растайтын құжаттар;

5) ата-анасымен не өзге де заңды өкілдерімен кету туралы шешім қабылданған кезде он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;

6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бірімен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бірге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екіншісінің нотариалды түрде расталған келісімі. Келісім болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртібімен шешілуі мүмкін;

7) Консулдық алымды төлеу туралы құжат.

  • 3 (үш) ай.
  • Сомасы – 120 еуро

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, дайын құжаттарды беру сәрсенбіден басқа жұмыс күндері сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.

Мекенжай:

Тел.: , E-mail:

 

ҚР азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Консулдық есеп
14 декабря 2023

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:

 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері

  • Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін.
  • Уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.).
  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

  • Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
  • толтырылған тіркеу карточкасы.
  • Уақытша консулдық есепке тұру үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) толтырылған тіркеу картасы.

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).

  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді

  • Қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • портал арқылы -1 жұмыс күні.

Қызмет тегін көрсетіледі

Консулдық бөлімнің жұмыс тәртібі:
 
 
Қабылдау - тек алдын-ала жазылу бойынша
 
 
Қоңыраулар жұмыс күндері (сәрсенбі және мерекелерді санамағанда) сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін қабылданады.
Байланыс телефоны +48 (22) 651-58-61
Сенім телефоны +48 (22) 651-58-61

E-mail:

E-mail Консульского отдела:

warsaw@mfa.kz

konsulatkz@gmail.com 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы
12 декабря 2023

Бейбарыс (шамамен 1217/18–1277) -әл-Мәлік әз-Заһир Рукн-әд-дін Бейбарыс I әл-Бұндуқтари әс-Салих, мәмлүктер (түркі және кавказ текті тұтқындар, ислам дінін қабылдап, сарай әскерінде қызмет еткен мысырлық әскердің негізгі қаймағы) арасынан шығып, Мысырды билеген (1260–1277) түркі тектес сұлтан, ортағасырлық Мысырдың аса ірі әскери және мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

Бейбарыстың Сирия мен Мысырдағы саяси ғұмыры туралы деректер жеткілікті болғанмен, оның балалық шағы мен туып өскен ортасы туралы мәліметтер өте аз. Дегенмен, Бейбарыс туралы деректерді оның замандастары мен ортағасырлық араб авторларының еңбектерінен, әсіресе, Мұхаммед бин Әли Ибрагим бин Шаддад әл Халәбидің (1286 ж.ө.) «Сира аз-захир Бейбарс» (“Захир Бейбарыстың ғұмырнамасы”) және Мохи аддин Абдолла бин Абд аз-Захир бин Нишвана әл-Хазами әл-Масридің (1292 ж.ө.) «Ар-рауда аз-захир фи сира ал-малик аз-Захир» (“әл-мәлік аз-Захирдің ғұмырнамасының көрнекті бағы”) атты еңбектерінен табуға болады.

Ибн Шаддад та, Мохи ад-дин Абд аз-Захир сияқты Бейбарыстың жанындағы жақын адамдардың бірі болды. Сұлтанның жеке жазары болған дәл осы кісі сұлтанның алтынордалық билеуші Берке ханға жолдауын жазды. Ал Абд аз-Захир сарай жазушысы болды, оның қолымен сұлтанның қатаң бақылауымен Бейбарыстың ғұмырнамасы жазылды. Өз өмірбаянының балалық шағы мен құлдық (мәмлүк) кезеңі туралы мәліметтерді тарихта қалдырғысы келмеген сұлтан талабынан асып кете алмағандықтан автор өз еңбегінде осындай кейбір маңызды мәселелерді айналып өтті.

Дегенмен, Абд аз-Захир өз кітабының кіріспесінде аталмыш мәселеге бір ғана жол арнап жазды: «Бұл сұлтан, Мәлик аз-Захир Рукн ад-дин Әбу-л Фаттах Бейбарс бин Абдулла ас-Салихи ан-Неджми, түріктің «барлы» тайпасынан, Сириядан құдыретті сұлтан Салих Неджметдин Айюбпен бірге келу бақытына ие болды».

Ал-Макризи де өзінің «Ас-сулук» атты еңбегінде: «Бейбарыс түрік. Оны Мәлик ас-Салих Наджметдин Айюб сатып алды» деп жазды. XIV ғасырдағы мысырлық автор әл-Айни «Икду ал-джуман фи тарихахл аз-заман» (“Уақыт тұрғындарының інжу әшекейі”) атты шығармасында Бейбарыстың «мин Бурджоглы кабилятун мин тюрк» атты сөзіне сүйене отырып, сұлтанды «бурдж» тайпасынан шыққан дейді. Әл-Идриси «бурдж» тайпасы Қара теңіздің солтүстігін жайлап жатыр деп жазды.

ХІ-ХІІ ғасырлардағы орыс жылнамаларында половецтердің (қыпшақтардың) қатарында «буршевич» ұрпақтарының болғандығын жазады. Қазақ зерттеушілері «бурдж» тайпа атауын қазіргі қазақ халқының құрамындағы «беріш» тайпасымен байланыстырады. Тарихи деректерді талдау сол заманда беріш руының Қырым өңірінде тұрғанын растайды (қазіргі заманда беріш көбінесе Атырау облысында қоныстанған).

Бір қызығы, беріш тайпасының таңбасы жебеге ұқсайды. Бастапқыда Каспийдің солтүстігін мекендеген иран тілдес парна тайпасының аршак әулетінің таңбасымен өте ұқсас. Аршак әулеті (б.з.д. 250 – б.з. 227 жж.) Парфия, Армения, Әзірбайжан, Иберия мен Кавказ Албаниясын билеген әулет екендігі белгілі.

Түркі қағанаты құлағаннан кейінгі дәстүрлі мекендегі ұзаққа созылған саяси оқиғалардың нәтижесінде жеке мемлекеттік құрылымдарды құруға ұмтылған түрлі түркі этникалық топтары қыпшақ болып, қайта топтаса бастады. Б. Көмековтың айтқанындай «Дешті-Қыпшақтағы этникалық байланыстардың тереңдеуі мен дамуы аймақтағы этномәдени белгілердің бірыңғайлыққа ұшырап, қыпшақтардың қалыптасуына әсер етті. Біртұтас этникалық аймақ, шаруашылық тәсіл, қоғамдық қатынастар мен ортақ тіл қыпшақтардың басқа этникалық топтармен араласуына әсер етті. Қыпшақтардың саяси салмағының артуынан көптеген басқа этникалық топтар мен тайпалар өздерін «қыпшақтармыз» деп атап, осы этнонимді қабылдады». Міне, сондықтан да беріштердің ирантілдес аршак билеуші әулетімен бір таңбалас болуына кездейсоқтық деп қарамай, тереңірек зерттеуді қажет етеді.

Бейбарыстың әкесі – Жамақ, ал анасы Әйнек хорезмдік, бербендік қыпшақ. Кейбір Мысыр тарихын зерттеушілердің айтуы бойынша, ол бала кезінде Дешті-Қыпшақ даласынан сатылып алынып, айюб әулетінен шыққан сұлтан Салих Нәжім әд-Диннің жеке ұланына қабылданған. Бастапқыда, Бейбарыс Димашықта 800 дирхемге бір саудагерге сатылмақшы болады. Бірақ, ол Бейбарыстың көзінен кемістік тауып, оны сатып алудан бас тартады. Бұдан соң оны әмір Айдакин әл-Бундукдари сатып алады да дәстүр бойынша жаңа мәмлүк Бейбарыс әл-Бундукдари деп аталады. Кейін Бейбарыс, сұлтан лауазымын иеленгенде бұрынғы қожайыны әл-Бундукдариді Димашық билеушісі етіп тағайындайды.

Көшпенді тұрмыстың күшеюі, көрші мемлекеттермен соғыстар осы кезеңде түркілердің отырықшылар мекендейтін аймаққа жаппай қоныс аударуына себеп болды. Көшпендiлер Орталық Азияның отырықшы халықтары территорияларын жаулап алу қарсаңында өз аймақтарында түрлi этникалық сапырылыстарға түстi. Олар мал жайылымдары мен өрiстерiне қажеттiлiктердiң өсуi салдарынан өзара жауласуға душар болып, әлсiздерi жеңiлiс тауып, өз иелiктерiн жеңiмпаз қарсыластарына беруге мәжбүр болды да, табын-табын малдарына жаңа жайылымдар iздеп, салыстырмалы бос жатқан жерлерге жөңкiлдi. Сондай-ақ көшпендiлермен арадағы сауданың дамуына байланысты маңызы өскен оңтүстiктегi қалаларға ие болуға бәсекелестiкте түркi көшпендiлерiнiң осы аймаққа келiп орналасуына себеп болды.

Шаруашылық қажеттiлiк итермелеген түркiлер осылайша, салыстырмалы бос жатқан отырықшылар аймағын мал жайылымы ретiнде пайдалануға мәжбүр болды.

ХІ ғасырдың соңында көшпендiлердiң көшу территориясының шектелуi мен көшу шекарасы айқын анықталды. Осындай жағдайда олар оңтүстiктегi салыстырмалы бос жерлерге жөңкiлдi. Бұл жерлердiң бұрынғы иеленушiлерi оны түркiлерге оп-оңай бере салған жоқ. Дегенмен, көшпендiлер бұл қақтығыстарды өздерiнiң саяси мақсаттарының пайдасына шешті. Тарихи деректердi саралау түркiлердiң өз территорияларын тастап шығып, салыстырмалы бос жерлерге жөңкiлуiне олардың мал жайылымдарына қажеттiлiктiң өсуi, Орталық Азияда орын алған саяси оқиғалармен қатар отырықшы халықтармен сауда-экономикалық байланыстарына ұмтылушылықтың да себеп болғанын көрсетедi. Х ғасырдағы оғыздардың Мауреннахр, Хорезм, Хорасан, Джурджанға шабуылының негiзгi мақсаты мал жайылымы мен тұтқындарды қолға түсiрiп, соғыс табыстарына ие болу ғана емес, оңтүстiктегi көршiлерiмен сауда қарым-қатынастарына ұмтылу болды. Б. Көмековтың айтуынша ”қимақ тайпаларының саманилер мемлекетiнiң солтүстiгiндегi отырықшы аудандарға жылжуы олармен сауда қарым-қатынастардың қажеттiлiгiнен туындады”.

Түркілерден шыққан тарихи тұлғалардың өз отанынан жырақтағы аймақтарда, әсіресе, мұсылман елдерінде саяси мансапқа қол жеткізу жолдары әр түрлі болды. Бірінші топқа өзара қырқыстар мен соғыстар нәтижесінде тұтқынға түсіп, құл ретінде жергілікті билеушілердің қызметіне кіріп, кейін әскери мансапқа қол жеткізгендер енсе, екінші топқа жалдамалы сарбаз ретінде өз еркімен қызметке кіріп, жоғарғы мансапқа жеткендер жатады.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Бейбарыс сұлтанның тағдырының шалғай жерде қалыптасуына тарихи отанындағы өзара қырқыстар мен соғыстарға тікелей қатысты болды. Осы кезде түркі қағанаттарында мемлекеттік дәрежеде болған дәстүрлі сенім де өзінің идеологиялық күш қуатынан айырыла бастаған болатын.

Осы кезеңдегі түркі қоғамындағы идеологиялық дағдарыстар жайлы Н. Нұртазина өз еңбегінде «дәстүр солып, мағынасын жоғалтып, тіпті сол табиғи дін, мифология баяғысынан айырылып, өңін айналдырып, ішінен тоқырады, зайырланды. Өтпелі кезеңде түркілер өзара толассыз қырқыс үстінде, тіпті тәңіршілдіктің аз да болса рухынан, этикасынан айырылған дөрекі тайпалар еді, дәлірек айтсақ, затшылдық рухы, дүниеқоңыздық бойларын жеңген тобырға айнала бастаған. Айналысқандары – шабуыл, барымта, өз қандастарын тұтқындап, Хорезм мен Мауереннахрдың базарларына апарып сатты» деп жазады.

Ортағасырлық араб деректеріне қарағанда түркілер бұл кезде моральдық дағдарысты да бастан кешкен сияқты. Мысалы, осындай деректердің бірінде қарлықтар жайлы: «қабырғаларына билеушілерінің суреттері салынған ғибадатханалары бар. Қарлықтар бұзылған, зинақорлыққа тиым салмайды. Құмар ойындарының қызығына түскенде әйелдерін, тіпті, балаларын тігіп кете береді» дейді. Л.Н. Гумилев та діни идеологияның дағдарысы жайлы «халықтың пассионарлық қуатының төмендеуі этникалық жүйенің соңғы фазасы – ыдырауға жетелейді. Халықтың жауынгерлік рухы әлсіреп, соғысқысы келмеді. Тыныштықты қалады. Хан төңірегіне топтасқан адамдардан гөрі оған разы емес көңіл күйдегі адамдар саны өсті. Халық көңіл көтеруге икем болды. Көшпенділер арасында ұрлық, соғыста жаны үшін қарсылас тарапқа тұтқынға беріле салу етек алды» деп жазады.

Тіпті, Күлтегін жазбаларында «Сен түркі халқы барлық елдерді кезіп жүре бердің. Бір өліп, бір тіріліп қаңғыдыңдар» деп түркілердің көрші елдерге босып, жалдамалы сарбазға айналуы анық келтірілген.

Саяси тоқыраумен қатар рухани дағдарысты бастан кешірген түркі тайпалары енді өз еріктерімен, кейде соғыс тұтқындары ретінде көрші мемлекеттерге құл ретінде жұмысқа жегілді. Түркі даласындағы саяси аласапырандардың нәтижесінде басқа елдерге әкетілген түркі құлдары мен күңдерінің сандары өте көп болды. Ислам елдерінде түркілердің еркектерін әскери қызметтерге пайдаланса, әйелдерді үй қызметшісі ретінде ұстады. «Түркі қыздары әдемі, нәзік, ақ жүзді. Олардың көздері қысық, бірақ сүйкімді. Көбісі орта бойлы. Бойшаңдары аз. Олар баланы көп табады. Балалары әдемі әрі шабандоз болады. Олар ұқыпты, асты жақсы дайындайды. Бірақ ысырапшыл әрі сенімсіз» деп жазылды ортағасырлық деректерде.

Дегенмен, түркi құлдары, өздерiнiң табиғи жауынгерлiк қасиеттерiнiң арқасында құлдарға тән төменгi қызметтерден гөрi, әскери iстерде табысқа жеттi. Осы себептен де бастапқыда төменгi қызметтердi атқарған түркi, уақыт өте келе әскери iске араласып, айтарлықтай мемлекеттік мансаптарға қол жеткiздi.

Низам ал-Мүлiк түркi құлының саманилер сарайындағы әскери мансабын былайша баяндайды: “Алғашқы бiр жыл бойы құл (ғұлам) қызметiн атқарады. Бұл кезде ол зендани матасынан (Бұқарадағы қоныстың атымен аталатын) киiм киедi. Бiр жыл өткен соң хаджиб, шатыр бастығының (висак) келiсiмiмен жай тоқым мен түркi аты берiледi. Үшiншi жылы ол айрықша белбеу (қарашор) алды. Ал, бесiншi жылы жақсырақ ертоқым, жұлдыздармен әшекейленген жүген, қымбатырақ киiм және шоқпар алды. Алтыншы жылы шеру киiмiн, жетiншi жылы “висак баши” шенiн, висак башының лайықтылық белгiсi – күмiспен әшекейленген қара киiз қалпақ және гянджа киiмiн алды. Бiртiндеп ол “хайльбашы” (отряд бастығы) және “хаджиб” атағына қол жеткiздi’’. Осындай билiк баспалдағымен ал-Му’тасим халиф пен ал-Висак кезiнде Самарада сарай күзетi командирi болған түркi тектес Айтақ ал-Хазари өз қызметiн аспаз көмекшiсi болып бастады.

Әл-Омаридің жазуынша қыпшақ даласынан қашып келген түркілер өздерінің арлылығымен, батырлығымен, сымбаттылығымен және тектілігімен ерекшеленеді. Халифат әскерiнде көптеген түркi тектес қолбасшылар ғұламдар кезеңiнде қызмет атқарды. Олардың атын атар болсақ: Афшин Аға Бұха, оның ұлы-Мұса, Васиф, кiшi Бұха, Салық, Ибн Васиф, Мұхаммед ибн Бұха, Байқбек, Минкаджавр ал-Ферғани, Зерек, т.б. Біртіндеп жоғары әскери мансапқа қол жеткiзген түркiлер кейде халифтың қолындағы зайырлы билiктi тартып алуға тырысты. ІХ ғасырдың өзiнде-ақ Бағдадта аббасилердiң билiгiн сарайдың түркi ұландары шектедi. Әлсіздік танытқан халифтер кей жағдайда олардың қолындағы ойыншыққа айналды. “Мустайн таққа отырғанда (862 ж.) шонжарлар жұлдызшыларды шақырып алып сұрады: “Айтыңдаршы! Бұл халиф қанша уақыт өмiр сүредi және қанша уақыт тақта отырады?”. Сонда сол жерде тұрған бiр қушыкеш: “Мен жұлдызшылардан да жақсы болжай аламын, түркiлер қанша уақыт қаласа сонша уақыт билейдi” дедi. Осы мәлiметтерден-ақ ғұлам-түркiлердiң халифаттағы маңызын сезiнуге болады.

Бейбарыспен тағдырлас тағы бір түркі ғұламы Мұхаммед ибн Абу Садж Афшин 866–879 жж. Азербайжан мен Армениядағы халиф билеушiсi болды. Ол кейiн өзiн халифаттан тәуелсiз билеушiмiн деп жариялады. Кейiн оның туысы Юсуф билiктi тартып алып антихалифтық күрестi жалғастырды. 919 ж. Ардебиль қақпасында кескiлескен шайқас болып саджилер жеңiлiске ұшырады. Саджилер халифаттан тәуелсiз өз алтын, күмiс ақшаларын шығарды. Дәл осындай жолмен құрылған мемлекет Саманилерде әскери қызмет атқарып, кейiн Ғазна қаласының атымен өз мемлекеттерiн құрып түркi құлы Сабуктегiн негiзiн қалаған ғазнауйлер мемлекетi едi.

Еңбегі

Осылайша, Бейбарыстың жеке ғұмыры мен саяси іс-әрекеті оның туған жері – Алтайдан Қара теңізге дейін созылып жатқан Ұлы Даладағы сол замандағы саяси-әлеуметтік ақуалмен тығыз байланысты болды. Бейбарыстың ғұмыры туралы деректер мен ортағасырлық авторлардың тақырыпқа қатысты мәліметтерін салыстыра отырып талдағанда да сырт көзге тасы өрге домалағандай болып көрінетін тұлғаның осындай дәрежеге қол жеткізуі әсте оңай болмағандығын байқаймыз. Бейбарыс та өзінің қанға сіңген жауынгерлік қабылетінің арқасында басқа билеушілердің көзіне түсе бастайды. Әу бастан-ақ ол қарапайым құл емес, жауынгер ретінде өзін таныта бастайды.

Бейбарыс өте епті, пысық бозбала болып өсті. 1246 жылы феодалдық қырқыстар кезінде сұлтан ас-Салих оның осы қасиеттерін бірден байқап, басқа мәмлүктермен қоса сұлтаннан тартып алып, өзінің жеке ұланындағы бір топқа сардар етіп тағайындады. Бірақ, Салих қайтыс болған соң оның ұлы Тұран шах пен мұрагері Айбек мәмлүктерге сенімдерін азайта бастады.

Осы кезде Бейбарыс мәмлүктерден құтылуды көздеген Тұран шахқа қарсы қастандық ұйымдастырғандардың қатарында болып, оны өлтіруге қатысты. Жаңа сұлтан Му’иаз әд-Дин Айбек (1250–1257) таққа отырысымен, қастандыққа қатысушыларды өлім жазасына бұйырды. Осыған байланысты Бейбарыс біраз уақыт бой тасалап, Сирияға кетуге мәжбүр болды. Мәмлүктер Айбекті өлтіргеннен кейін Бейбарыс Каирге қайта оралды.

Таққа отырған жаңа сұлтан (1259–1260) Музаффар Сайф әд-Дин Құтыз Бейбарысқа Бағдатты алғаннан кейін (1258) Сирия мен Мысырды бағындыруға ұмтылған, Иранды билеген моңғол-түркілік Хулагу әулеті әскерлеріне қарсы жорыққа басшылық етуді тапсырады. Айн-Жалут түбіндегі шайқаста Бейбарыс өзінің ержүректілігімен айрықша көзге түсті. Хулагу әскерлерінің одан кейінгі шабуылдары еш нәтиже бермеді. Бейбарыстың жеңісіне іштарлық жасаған Құтыз сұлтан әмірлерге мол сый-сияпат жасап, оны елеусіз қалдырды. Осындай әділетсіздікке көне алмаған Бейбарыс басқа әмірлермен астыртын сөз байласып, Каирге қайтар жолда Құтыз сұлтанды өлтіреді. Әмірлер Бейбарысты Мысырдың сұлтаны деп жариялап, 1260 жылдың соңында Бейбарыс салтанатты түрде Каирге кіреді. Бейбарыстың ресми аты-жөніне «Рукн ад-Дин» («Діннің тірегі») титулы қоса берілді. Бұл титул Бейбарысқа крестшілерге қарсы табысты соғыстары үшін беріледі.

Өкімет басына келісімен Бейбарыс өзінің бар күш-қажырын крест жорығына қарсы шабуылдарға дайындалуға жұмсады. 1265 жылдан бастап крестшілер бекінген қамалдарды бірінен соң бірін ала бастады. 1267 ж. Кіші Армения патшалығына, 1275 ж. Кіші Азия селжүктеріне қарсы жорықтар жасады. Бейбарыс Мысырды билеп тұрған кез исламның алғашқы жылдарында мұсылман иеліктері халифаттың әлсіреуімен қайта уыстан шыға бастаған кезең еді. Еуропадан ұйымдастырылған сегізінші крест жорығы 1270 жылы басталды. Бейбарыс бұл крест жорығының бетін қайтарғанмен қоймай, бұрын олар жаулап алған аймақтарды қайта босатты. Ол 1265 ж. Сафадты, 1268 ж. Антиохияны, 1271 жылы Хисын Әл-Аккрадты, 1267 ж. Армян Киликиясын жау қолынан азат етті. Крест жорықтары мен селжүктердің ықпалын әлсіреткен соң, Иран мен Ирак жерінде үстемдік құрған ильхандар мемлекетін билеуші Шыңғысханның ұрпағы Хулагу әулетіне қарсы Алтын Ордамен одақ жасасты.

Хулагу келгенге дейiн Иранды жаулап алған моңғол-түркiлер бастапқыда Жошы ұлысымен тығыз қарым- қатынаста болды. Басып алынған жерлер жалпы Шыңғысхан әулетіне ортақ игiлiк ретiнде пайдаланылды. Жошы ханзадалары мен нойондары Иранды жаулап алуға қатысты. Хулагудың Иранды жаулап алуынан соң Жошы ұлдарына Ирандағы құқығының қандай да бiр бөлiгi егiндiк жер, қалалар қалды. Берке мен Хулагудың арасындағы жанжалға Жошы ұлдарының құқығының аяққа басылуы мен халифтың өлiмi себеп емес, сылтау болды. Осыған қарамастан Иран мен Алтын Орда арасында экономикалық, саяси мәдени, құбылыстар пәрмендi түрде бiр-бiрiне өте ұқсас түрде дамыды. Қыпшақ даласы орта ғасырлық тарихи шығармаларда Қыпшақбашы деп те аталады. “Тарихи Олжайтуда” 1336 ж. Сұлтание қаласына Қыпшақбашы ұлысы патшасы Өзбек оғылдан елшi келдi деп жазады. Есенбұқа оғыл Өзбекке Темiрхан Жошы ұлысының патшалығына лайық емес, Қыпшақбашы билiгi Маңқыдуға берiледi деп хабар жiбердi. Бұл деректерден Алтын Орда мен Ильхан ұлысы арасында белсендi саяси қатынастардың орнағанын бақылау қиын емес.

Хулагу Бағдадты алып, аббасилер мемлекетін құлатқан соң, басты мұсылман қарсыласы Мысырмен соғысып жатқанда Жошы ұрпақтарымен арада қақтығыс орнады. Оның басты себебi моңғол аттыларының қыстауы болған Азербайжан жайлаулары едi. Хулагуға дейiн бұл жер Алтын Ордаға тиiстi болды. Сонымен бiрге Берке өзiнiң Хулагуге көрсеткен әскери көмегi үшiн Каспий маңы  қыстаулары мен қалаларын берудi талап еттi. 1262 ж. Берке ұлысы исламды қабылдауымен Мысыр мен Алтын Орда дипломатиялық қарым-қатынас жасай бастады, елшiлiктер алмасты. Жошылар үшiн Дербент өткелi сауда жолы болды. Дегенмен, Хулагу қайтыс болған соң, оның ұлы Олжайту кезiнде Жошы ұлысымен жағдай қайта жақсарды.

Жалпы, Бейбарыстың Алтын Ордамен ынтымақта болуының этникалық себептері де бар сияқты. Өйткені, Алтын Орда бұрынғы Бейбарыстың атажұрты–Дешті-Қыпшақтың орнында пайда болған мемлекет еді. Алтын орда ханы Берке мен ильхан мемлекетінің билеушісі Хулагу арасында жер таласы етек алғанда мәмлүктер Беркені қолдайды. Берке өз әскеріне «егер әскерді Алтын Ордаға қайтару мүмкін болмаса, онда мәмлүктік Мысырға өтіңдер» дейді. Мысыр мен Алтын Орда арасында Бейбарыстан бергі уақыт ішінде ХV ғ. дейін достық қатынас орнады. Каир мен Сарай арасында осы 200 жыл ішінде елуге жуық елшіліктер барып-келіп қайтты. Кейін Тоқтамыс тұсында Мысыр, Османия, Алтын Орда арасындағы қайта өршіген одақтастық байланысын бір кезде Бейбарыс сұлтан бастап беріп еді. Ол Алтын Орданың исламды қабылдауын жақтады.

Бейбарыс сұлтан дәрежесіне қол жеткізе салысымен алтынордалық хан Беркемен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Әмин әл-Холидің жазуынша, Бейбарыс сұлтан кезінде Дешті Қыпшаққа 8 дипломатиялық елшілік барып қайтқан. Бұл одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталды. Бұл саяси байланыстың осыншалық ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуын тек саяси себептермен байланыстыру әділетсіздік болар еді. Мысыр елін билеген Бейбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата-бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман-тілегі де жатқан еді. Бұл, сайып келгенде, Мысыр елін “Қыпшақ Мысыры” атандырған мәмлүк-қыпшақтардың ортақ мүддесі болатын. Сондықтан олар Бейбарыстан кейін де қашан мәмлүк-қыпшақ әулетінен күш кеткенше “Алтын Орда” атанған Қыпшақ елінен, өздерінің ата-мекенінен қол үзбеуге ұмтылады.

Араб жылнамаларында Сейіт Мұхаммед сұлтанның ұлының сүндет тойына Берке ханның елшілерінің де қатысқандығы туралы жазады: «Сұлтан (Бейбарыс) осы ұлық күннің куәгері болуға оның сарайында қонақ болып отырған Берке падишах пен оның уәзірі Яфаның елшісін де шақырды. Олар бұл шақыруды қуана қарсы алып, (тойға) қарай шықты».

Мысыр сұлтаны болып, Алтын Ордадан келген қоныс аударушыларға үлкен қолдау көрсетті. Әл-Омари: «Патшалар олардан (мысыр сұлтандары түрік мәмлүктерден шыққан) шығып, өз туыстарына бүйрегі бұрып, көбеюіне мұрындық болды, Мысырға келген оларды жан-жақты қолдады. Оның жерінің (Мысырдың) шонжарлары мен әскербасылары, билер мен мемлекет қаймағы осылардан шықты. Мысырға келген түркілерге Бейбарыс Каир қамалы Баб әл-Лүк қақпасына жақын бағалы жерден жер телімдерін берді.

Беркенің жіберген елшілігіне жауап ретінде ол Алтын Ордаға әмір Сейфетдин Құшарбек пен заңгер Меджеддин бастаған ресми елшілік жібереді. Бейбарыс ресми хатпен қоса «өзінің қазы Тәжаддин растап қол қойған шежіресін» қоса жібереді. Осылайша Бейбарыс Беркені дінсіздерге қарсы күреске шақырумен қатар, өзінің де шыққан тегінің алтынордалықтармен тамырлас екендігін білдіреді.

Мысыр мәмлүктерi тілмәш ретінде қыпшақ тiлiн бiлетiн Дештi-Қыпшақтан қашып келген мамандар ұстады. Сол дәуiрдегi Мысырдың мәмлүк билеушiлерiнiң түркi тiлiн бiлмеулерi оларды осы әрекетке итермелегенi анық.

Сұлтан Бейбарыс хижри 676 жылы мұхаррам айының 28-күні, миләди 1277 жылдың 2-мамыры күні қайтыс болды. Ол билік басында 17 жылдай болды. Ол қайтыс болған соң орнына ұлы Насыраддин отырды. Алайда, Бейбарыстың балалары билікті ұзақ уақыт ұстап тұра алмады. Билікке жетуге тырысқан мәмлүк әміршілері оның ұлдарын өлтіріп, ақырында қыпшақтан шыққан келесі әмірші Сейфуддин Қалауын билікке келді. Бейбарыс 1277 ж. шілденің 1-інде Димашық қаласында қайтыс болып, аз-Заһариа кітапханасына күмбезінің астына жерленді. Оның сүйегі Димашықтағы Баб-уль-Барид зиратына қойылды.

Оның билік еткен тұсында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ілгері дамыды. Замандастарының айтуынша сұлтан ат ойындарын, аңға шығуды, сайыстарды жақсы көретін. Сұлтан өзінің қарапайымдылығымен және діндарлығымен елге танымал болған. Кедей-кепшіктерге әрдайым көңіл бөліп, көмектесіп, жетімдерді желеп-жебеп, өз қолтығына алып отырған.

Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты, Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Сұлтан тұсында мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Каналдар мен бөгеттерді жөндетеді.

Елдің ішкі саясатында Бейбарыс сұлтан аса көреген саясат ұстанды. Мұсылман мемлекетінің тұғырын нықтап, өркендеуі үшін көп еңбек сіңірді. Бейбарыстың дәуірінде Мысыр гүлденген елге айналды. Ішкі саясатта ішкі көтерілістер мен бүліктерді басу арқылы елдің іргесін мықтап бекітті. Заң саласында сұлтан Бейбарыс бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізді.

Заң саласында сұлтан Бейбарыс бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізді. Суннит жолын ұстанатын төрт мәзһаб қазыларынан төрт қазы тағайындады. Әл-Азһар мешітін қалпына келтіріп, түбегейлі өзгертіп, мешіт-медресеге, шартараптан шәкірттер ағылатын іргелі оқу ордасына айналдырды. Мысыр мен Димашықта көптеген медреселер салдырды. Соның ішінде Каирдегі «Заһири медресесінің» ғимараты жақсы сақталған. Медреселерде мол кітап қоры бар кітапханалар да жұмыс істеді.

Мысырдан өзге Мәдинадағы Пайғамбардың мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шамдағы Ибраһим пайғамбардың мешіті жаңартылды. Иерусалимдегі әл-Ақса, Қуббат Сахра мешіттері жөнделіп, жаңартылды. Түрлі мәселелер мен дау-дамайларды шешетін әділет үйін құрды.

Бейбарыс ислам діні мен мұсылмандардың белсенді қорғаушысы болды. 1260 ж. Каирде салтанатты жағдайда саяси биліктен ада, тек рухани мекеме ретінде аббас халифаты қайта қалпына келтіріледі. Бағдаттан қашып келген аббас әулетінің бір мұрагерін халиф тағына отырғызып, Каирды халифаттың рухани астанасына айналдырды.

Бейбарыстың ислам тарихындағы маңызы да оның ислам әлемін крестшілер жорықтарынан қорғап қалуымен өлшенеді. Ол өзінің санаулы ғұмырын исламның христиан әлемімен шектесетін қиыр шетін крестшілерден қорғаумен өткізді. Моңғол шапқыншыларына қарсы Алтын Орда ханы Берке ханмен одақтас болды. Нәтижесінде Берке хан Ислам дінін қабылдап, Мысыр мен Алтын Орда арасындағы байланыс күшейді. Ирак пен Иран жерін жаулап алған Хулагу мен оның ұрпақтарына қарсы одақтасты.

Бейбарыс сұлтан ислам жауларына қарсы қуатты әскер, теңіз флотын құрып, қару-жарақпен жабдықтады. Бейбарыс өз билігі кезінде қорған салып, қару-жарақты көбейтіп, кемелер жасатады. Тұрақты әскер құрылады. Ол алғашқы рет артиллерияны соғыс шебінде қолданысқа ендірді. 1260 жылғы Айн-Джалут шайқасында моңғол әскеріне қарсы зеңбіректен отты доптарды қарша боратты. Мәмлүк әскерінде «мидфа» деп аталатын темір зеңбіректер, ататын доптар, оқ-дәрімен атылатын зымырандары болды. Кейін бұл артиллерия Еуропада пайда болып, 1314 ж. испан королі Фердинанд бұл жаңалықты Гибралтарды қоршағанда пайдаланды. Ал, ағылшындар болса дәл осы технологияны жүзжылдық соғыс кезінде 1346 ж. Крест шайқасында француздарға қарсы пайдаланды.

Ұлықталуы

Қазіргі таңда елімізде Бейбарыс сұлтан атына ауыл, мектеп, мәдени ошақтар есімі берілген. Қазақтың зиялы қауымы Бейбарыс сұлтан туралы хабардар болғанмен, былайғы жұртшылық алғаш рет даңқты бабамызды 1989 ж. КСРО-ның «Совэкспортфильм» киностудиясы мен Мысырдың «Эль Аламия» студиясы бірігіп шығарған «Сұлтан Бейбарс»  көркем телефильмі арқылы таныды. Фильмді Мориса Симашконың «Емшан» шығармасының желісі бойынша режиссер Болат Мансуров түсірді. Басты ролді Н. Жантөрин сомдады.

2007 ж. еліміз Сирия астанасы Дамаскідегі Бейбарыс Сұлтан кесенесін қайта қалпына келтіруді қолға алып, қаржы бөлді. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, мешітті реставрациялау жобасының қазіргі жалпы құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Оның 4,5 миллионын Қазақстан үкіметі кезінде бөлді. Мысыр болса, қоса қаржыландыру мақсатында 100 миллион египеттік фунт (шамамен 5,6 миллион доллар) аударған.

ЭКСПО-2017 көрмесіне орай еліміздің астанасындағы ұлттық музейде «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» деп аталатын көрме ашылды. Мысыр мен Сирияға билік жүргізген мәмлүк сұлтаны Бейбарыстың өмірі мен сол дәуірдің тарихын көрсету мақсатында ұйымдастырылған көрмеде Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын ислам өнері музейі жинағынан тың жәдігердің 22 данасы қойылды.

Әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс қорының басшысы С. Исқақов Мысыр, Иордания Корольдігіне, Шам, Палестина, Ливан және Иерусалим секілді қыпшақ мәмлүктердің иелігінде болған жерлерге “Бабалар ізімен” тарихи-ғылыми экспедициясын ұйымдастырып, тарихи жерлерді зерттеп, жергілікті тарихшылармен кездесті.

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
27 сентября 2023

Жалпы мәліметтер

1992 ж. 6 сәуірде дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1994 ж. 20 наурызда Қазақстанда Польшаның Елшілігі ашылды.

2000 ж. Қазанда Польшада Қазақстанның Елшілігі ашылды.

2020 ж. Наурызда Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Әлім Серікұлы Қирабаев тағайындалды.

Польша Республикасының Қазақстандағы Елшісінің тағайындалуы күтілуде.

Польшада ҚР-дың бес Құрметті консулдығы жұмыс істейді – Краков, Гданьск, Вроцлав, Катовице және Белосток қалаларында.

 

Саяси ынтымақтастық

Жоғарғы деңгейдегі кездесулер:

Дипломатиялық қатынастар орнатылған уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға 3 сапары болды (1997 ж. қараша, 2002 ж. мамыр, мемлекеттік сапар – 2016 ж. тамызда).

Өз кезеңінде, Польша Президенті А.Квасьневский (1999 ж. қазан), Президент Л.Качиньский (2007 ж. наурыз) және Президент А.Дуда (2017 ж. қыркүйекте – мемлекеттік сапар) Қазақстанға сапармен келді.

2018 жылғы 18 қаңтарда Польша Президенті А. Дуда Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның төрағалығы шеңберінде ҚР-дың Тұңғыш Президентінің қатысуымен «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: сенім шаралары» тақырыбы бойынша тақырыптық брифингте сөз сөйледі. Бұл күні Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы президенттерінің екі жақты кездесуі өтті.

2019 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың Польша Президенті А.Дудамен кездесуі өтті.

2021 жылғы 8 қарашада Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев пен Польша Президенті А.Дуда телефон арқылы сөйлесті.

2022 жылғы 4 ақпанда Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу рәсімі шеңберінде Қазақстан мен Польша басшыларының кездесуі өтті.

2022 жылғы 27 мамырда Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев пен Польша Президенті А.Дуда телефон арқылы сөйлесті.

2022 жылғы 20 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында екі мемлекет басшыларының қысқаша сұхбаты өтті.

Польшаның премьер-министрлері В.Павляк (1994 ж. қыркүйек) және Л.Миллер (2003 ж. мамыр) Қазақстанға сапармен келді.

2016 жылғы маусымда ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Польшаға жұмыс сапарымен келді.

 

Жоғары деңгейдегі кездесулер:

Екіжақты қарым-қатынас жылдар ішінде Польша Республикасының сыртқы саяси ведомствосы басшылары 1998, 2002, 2010 (екі рет) және 2022 жылдарда Қазақстанға сапармен келді.

2012 жылғы 21-22 маусымда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың Польшаға жұмыс сапары өтті.

2013-2014 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Польша Сыртқы істер министрі Р.Сикорскидің Мюнхенде және Гаагада өткен көпжақты іс-шаралар шеңберінде кездесулері өтті.

2019 жылғы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Б.Атамқұловтың Варшаваға жұмыс сапары өтті.

2019 жылғы 16 желтоқсанда Мадрид қаласында «Азия-Еуропа» форумының сыртқы істер министрлерінің 14-отырысы аясында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен ПР Сыртқы істер министрі Е.Чапутович арасында кездесу өтті.

2020 жылғы 8 желтоқсанда Варшава қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Баймұхан мен ПР Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Пшидачтың қатысуымен саяси консультациялар өткізілді.

2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ЕҚЫҰ Төрағасы – Польша Республикасының Сыртқы істер министрі З.Раумен телефон арқылы сөйлесті.

2022 жылғы 28 сәуірде Варшавада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенко мен Польша Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Пшидачтың қатысуымен саяси консультациялар өтті.

2022 жылғы 1-2 маусымда ЕҚЫҰ-ның Іс Басындағы Төрағасы – Польшаның Сыртқы істер министрі З.Раудың Қазақстанға ресми сапары өтті.

2022 жылғы 1-2 желтоқсанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді ЕҚЫҰ СІМК жұмысына қатысу үшін Лодзь қаласына (Польша) сапармен барды.

2023 жылғы 14-16 шілдеде ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Р.Василенконың Варшаваға жұмыс сапары өтті (СІМ-де, Президент Әкімшілігінде, РП Инфрақұрылым министрлігінде, сондай-ақ ДИАҚБ/ЕҚЫҰ-да кездесулер өткізілді).

2023 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йоркте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу мен ПР Сыртқы істер министрі З.Раудың кездесуі өтті (БҰҰ БА 78-ші сессиясы аясында).

 

Парламентаралық ынтымақтастық:

Парламентаралық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастардың дамуына өз үлесін қосуда.

Польша парламентінде Сейм және Сенат депутаттарынан құралған «Қазақстан-Польша» тобы қызмет етеді. Қазақстан Парламентінде Польшамен ынтымақтасу тобылары жұмыс атқаруда.

2004 жылғы ақпанда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы О.Әбдікәрімовтің Польшаға жұмыс сапары өтті.

Польша Сенатының төрағалары Л.Пастущяк (2005 ж. сәуір), Б.Борусевич (2006 ж. қаңтар) және С.Карчевский (2016 ж. мамыр) Қазақстанға сапармен келді.

2017 жылғы 15-18 маусымда Польша Сенатының Вице-спикері М.Коц Қазақстанға сапары өтті. Поляк делегациясы Қарағанды облысына барды және «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде өткен Поляк диаспорасы күніне қатысты.

2019 жылғы 23-24 қыркүйекте ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Польша Сеймі мен Сенатының делегациясының басшысы, «Польша-Қазақстан» парламенттік ынтымақтастық тобының төрайымы Б.Бартущ Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін Астана қаласына барды.

2021 жылғы 15 маусымда онлайн-форматта «Қазақстан-Польша» ынтымақтастық жөніндегі парламенттік топ мүшелерінің кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан мен Польша Парламенттерінің ағымдағы заң шығару қызметін талқылады, «COVID-19» коронавирусының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ екі ел арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізді.

2021 жылғы 6-9 қараша Польша Сенатының Маршалы (Төрағасы) Томаш Гродзкийдің Қазақстанға ресми сапары өтті. Сапар барысында оның Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесулері өтті. Сондай-ақ Польша Сенатының спикері Ақмола облысында тұратын поляк диаспорасының өкілдерімен кездесті.

2022 жылғы 12-13 шілдеде ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы А.Құспан Парламентаралық Одақтың (ПАО) Киевке және Мәскеуге миссиясы шеңберінде Варшаваға жұмыс сапарымен барды. Іс-шара аясында Польша Сенатының Төрағасы Т.Гродзкийдің ПАО делегаттарымен кездесуі өтті.

2023 жылғы 19 наурызда ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы жанындағы ПР Сейм және Сенат делегациясының басшысы, «Польша – Қазақстан» парламенттік ынтымақтастық тобының төрағасы Б.Бартущ бастаған поляк парламентшілері (Сейм депутаты А.Помаска, сенаторлар К.Клейна және Р.Довгань) ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына кезектен тыс сайлауды байқауға қатысты. 

Сақтандыру мәртебесін алу және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтердің қолжетімділігі үшін шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған ақпарат
19 июля 2023

Социальные сети
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы