
2016 жылғы 6 маусымнан бастап Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім күшіне енді. Қазіргі уақытта Польшаның университеттерінде мыңнан астам қазақстандық білім алуда.
Польша Республикасында Лешно қаласындағы Я.Коменский атындағы мемлекеттік университетінде Қазақ-Поляк орталығы, Быдгощ қаласындағы Жоғары экономика мектебі жанындағы «Қазақ елі» қазақ мәдениеті орталығы, Свече қаласындағы «Абай» жастар мәдени-білім беру орталығы, Слупск қаласындағы Помор академиясында Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығы ашылды.
Варшава университетінде Қазақ тілі оқытылады. Сонымен қатар, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік ұйымының көмегімен ү.ж. қаңтар айынан бастап Польшада Қазақстаннан, этникалық қазақтардан және басқа да тілек білдірушілерден тегін қазақ тілі курстары өткізіледі. Екі елдің әдебиеті классиктерінің шығармалары қазақ және поляк тілдерінде жарық көрді.
Өзара әрекеттестіктің маңызды бөлігі – біздің мемлекеттеріміздің арасындағы «байланыстырушы көпір» болып табылатын Қазақстанда тұратын этникалық поляктарға қатысты ынтымақтастық (Қазақстан халқы Ассамблеясының мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасындағы поляк диаспорасы шамамен 35,3 мың адамды құрайды).
2019 жылғы 19 маусымда Түркістан облысының тұрғыны Т.Әбдікәрімов Польша Республикасының Президенті А.Дуда «Virtus et Fraternitas» медалімен марапатталған Қазақстан Республикасының алғашқы азаматы болды. Бұл медаль «XX ғасырдың тоталитарлық жүйелерінің құрбаны болған» поляктарға көмектескен тұлғаларға «адамгершілік пен оның қадір-қасиетін қорғаудағы ерлігі үшін» естелік пен алғыс белгісі ретінде тапсырылады.
2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Елшіліктің қолғабысымен поляк тілінде «Қара сөздер» шығармасы басылды, сондай-ақ Польшаның «Почта Польска» ұлттық пошта операторының ғимаратында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай бейнесімен шығарылған марканың салтанатты рәсімі өтті.
2020 жылғы 9 тамызда «Абай. Полония. Польша» (онлайн форматта) Қазақстан мен Польшаның академиялық топтары өкілдерінің қатысуымен қазақтың ұлы ақынының шығармашылығына қатысты кездесу өткізілді.
2020 жылғы 9-10 желтоқсанда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай философиясы, поэтика, рецепция» атты Халықаралық ғылыми семинар өтті.
2020 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» философиялық трактаты поляк тіліне аударылды.
2021 жылғы 25 наурызда Елшілік «Польша-Шығыс» ынтымақтастық қоғамының, «Менің Қазақстаным» қауымдастығының және Польша-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасының қолдауымен (онлайн форматта) Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференцияны ұйымдастырды.
2021 жылғы 25 мамырда «Жетістік тарихы. Қазақстан мемлекеттілігінің 30 жылдығы және болашақтағы сын-қатерлер» атты халықаралық пікірталас семинары өтті. Мерейтойға қатысты іс-шараны Елшілік және Польшаның М.Бойма атындағы азиялық және жаһандық зерттеулер институты бірлесе ұйымдастырды. Конференция жұмысына Польшаның бұрынғы Президенті А.Квасьневский, «Polpharma тобының» президенті – Қазақстанның Құрметті консулы Ежи Старак, «Selena тобының» негізін қалаушы К.Домарецкий, ҚР СІМ Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Инвестициялар комитетінің басшылары, сондай-ақ ҚР, Польша және ЕО салалық мемлекеттік органдары мен сараптамалық топтарының өкілдері қатысты.
2021 жылғы 10 тамызда тарихта бірінші рет Абайдың шығармалары Балтық теңізінің жағасында оқылды, Димаш Құдайберген Радиосында «Абай күні» өтті.
Қазақстан Республикасының Құрметті консулдықтары, Польшадағы Димаш Құдайбергеннің фан-клубы мен радиосы да қазақ тілін, ұлттық салт-дәстүрлер, Қазақстан әдебиеті мен тарихын танымал етуге зор үлес қосады.
2021 жылғы 31 тамызда Елшіліктің сайтында «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты онлайн-фотокөрме орналастырылды.
2021 жылғы 5 қазанда Варшава қаласында «Қазақстан-Польша» экономикалық форум аясында туризм тақырыбы бойынша фотокөрме ұйымдастырылды, сондай-ақ Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауы, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары поляк тілінде ұсынылды. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.
2021 жылғы 25 қарашада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған III Халықаралық Абай оқулары өтті.
2021 жылғы 21 желтоқсанда Варшава қаласында «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: жетістіктері мен даму келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинар және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме өткізілді.
2022 жылдың наурыз айында Варшавада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап жарық көрді. Кітапты «Менің Қазақстаным» қауымдастығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі, Польшаның Қазақстандағы бұрынғы Елшісінің (2004-2007 жж.) В.Соколовский ғылыми редакциясымен «Польша – Шығыс» ынтымақтастық қоғамының баспасы дайындады және «Польша-қазақстандық саясаттану зерттеулері» баспа сериясының жалғасы болып табылады. Кітапта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы, Қазақстан мен Польшаның жетекші сараптамалық орталықтары басшылары мен сарапшыларының, соның ішінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан реформалар туралы ғылыми мақалалары қамтылған.
2022 жылғы 5 сәуірде Варшава қаласында Адам Мицкевич атындағы Познань университетінің Шығыстану институты Түркітану кафедрасының профессоры Гүлайхан Ақтайды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
2022 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Варшаваға жұмыс сапары аясында Польшаның Сеймі мен Сенаты депутаттарының қатысуымен Қазақстан-Польша дипломатиялық қатынастарының орнатылғанына 30 жыл толуына орай «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
2022 жылғы 6 маусымда Белосток қаласында Қазақстан-Польша Тарихи комиссиясын құру туралы Актіге қол қою рәсімі өтті.
2022 жылғы 9-10 маусымда Слупск қаласындағы Помор академиясында Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдық мерейтойына арналған «Абай оқулары: Қазақстан тарихы мен мәдениетінің келешегі» атты IV Халықаралық ғылыми семинары өтті.
2022 жылғы 30 қыркүйекте Варшава қаласында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерді және 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының ережелерін талқылауға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
2022 жылғы 12 қазанда Варшава қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.
2022 жылғы 21 қазанда Астанада ҚР Варшавадағы Елшілігінің қолдауымен ҚР мен ПР арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуының 30 жылдығын мерекелеу аясында Анна Германның «Махаббат жаңғырығы» ән концерті өтті.
2022 жылғы 22 қазанда Варшавада Азия және Тынық мұхиты мұражайы алаңында Қазақстан «Орталық Азия мәдениеті фестивалінде» таныстырылды.
2023 жылғы 18 мамырда Гданьск қаласындағы екінші дүниежүзілік соғыс мұражайының аумағында тарих мәселелері жөніндегі бірлескен комиссияның 3-ші отырысы өтті. Іс-шара аясында «Қазақстандағы ұлы жұт – Ашаршылық. Тарихтың белгісіз беттері».
2023 жылғы 26 мамырда Слупск қаласында V мерейтойлық «Абай оқулары» өткізілді. Халықаралық ғылыми семинар Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен Слупскідегі Померан академиясы мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен гибридті форматта ұйымдастырылды.
2023 жылғы 28 мамырда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Даутовтың жетекшілігімен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хоры Белостоктағы ең көне және ең беделді рухани музыка фестивалі – 42-ші Халықаралық «Хайнувка» фестивалінде бірінші орынды иеленді. 38 қазақстандық әртістен тұратын хор Варшавада да концерт беріп, қазақтың халық әндерін, қазіргі ұлттық және батыс еуропалық авторлардың шығармаларын орындады.
2023 жылғы 3-5 шілдеде Варшавада Назарбаев университетінің делегациясы еуропалық университеттердің саммитіне қатысты. «Тұрақтылықтан тыс: еуропалық жоғары білім болашаққа қалай дайындалуда» атты іс-шараны Варшава университеті мен британдық «Times Higher Education» журналы бірлесіп ұйымдастырды.