Елшінің Зарасай қаласының Әкімі және кәсіпкерлермен кездесуі туралы

Елшінің Зарасай қаласының Әкімі және кәсіпкерлермен кездесуі туралы

Зарасай, 2025 жылғы 9 мамыр – Зарасай қаласына (Утена округі) жұмыс сапары аясында Қазақстанның Литвадағы Елшісі Тимур Оразаев қала әкімі Нийоле Гуобиене және аймақтың іскер топ өкілдерімен кездесті.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері, оның ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның тапсырмалары аясында талқыланды.

Елші Қазақстан Үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді, сондай-ақ литвалық кәсіпкерлерді нақты инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Кәсіпкерлер бірлескен жобаларды әзірлеуге және серіктестіктің жаңа бағыттарын табуға қызығушылық танытты.

Туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Т.Оразаев Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі әлеуеті туралы айтып, елімізде бұл саланың белсенді дамып келе жатқанын, сондай-ақ ынталандыру тетіктері – Neo Nomad санатындағы жаңа визаларды атап өтті. Литва тарапына Қазақстан бойынша литва тіліндегі ақпараттық журнал-гид табыс етілді.

Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін де талқылады. Литва оқырмандарын Қазақстан тарихымен таныстырудың маңыздылығы атап өтілді, оның ішінде литва тіліндегі қазақ әдебиеті арқылы, әсіресе М.Әуезовтің «Абай жолы», Ә.Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы», Е.Тұрсыновтың «Мәмлүк», т.б.