Литва ғылым академиясының кітапханасында кездесу туралы

Литва ғылым академиясының кітапханасында кездесу туралы

Вильнюс, 2025 жылғы 16 сәуір – Елші Т. Оразаев және ҚР Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасының орынбасары М. Ерман Литва ғылым академиясының президенті Ю. Банис, вице-президент З. Дабкявичус және Врублевский атындағы Литва Ғылым Академиясы кітапханасы директорының орынбасары Р. Цицененемен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Т. Оразаев Үкіметтің Қазақстандағы ғылыми әлеуетті күшейту мақсаты туралы айтты. Өз кезегінде Ю. Банис Литвадағы ғылым саласындағы жағдай туралы ақпаратпен бөлісті.  

Екі ел арасындағы ғылым, білім, мұрағат және кітапхана істер, сондай-ақ IT-саладағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті.

М. Ерман Литва тарапын ҚР ОСК қызметімен таныстырды, оның ішінде сайлау жүйесіндегі және елдің конституциялық ережелеріндегі жаңартылған ережелерді түсіндірді, сондай-ақ Литва ғылым академиясының кітапханасына Қазақстанға арналған кітаптарды сыйға тартты.   

Кездесуге қатысушылар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанда жеті мың адамнан тұратын литвалық диаспораның бар екенін атап өтті. Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы бірегей тәжірибесіне, сондай-ақ биылғы 30 жылдық мерейтойын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне ерекше назар аударылды.

Елші еліміздің туристік әлеуетіне жеке тоқталып, іс-шараға қатысушыларға литва тілінде Қазақстан туралы туристік журнал-гид табыс етті.

Іс-шара барысында Р.Циценене қонақтарды көне қолжазбалармен және әлем картасымен, сондай-ақ кітапханада сақталатын сирек кездесетін кітаптармен таныстырды.