Вильнюс, 2025 жылғы 17 наурыз – Елші Тимур Оразаев Литва Экономика және инновациялар министрі Лукас Савицкаспен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы экономикалық мәселелерді талқылады.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Литва ҮАК 14-ші отырысы Хаттамасының орындалуы туралы пікір алмасты.
Т.Оразаев ҚР Үкіметінің шетелдік инвесторларды қолдау және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып, сондай-ақ литвалық бизнес өкілдері шақырылатын бірқатар инвестициялық жобалармен таныстырды. Өз кезегінде Л.Савицкас инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету керегін растады.
Әңгімелесушілер сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, іскерлік байланыстарды кеңейту қажеттігін атап өтті. Екі ел арасындағы туризм саласындағы, оның ішінде Туризм жөніндегі жұмыс тобы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақстандық дипломат литвалық тарапты 2025 жылғы 23-25 сәуірде Алматыда өтетін жыл сайынғы қазақстандық халықаралық «KITF» көрмесіне шақырды.