Елшінің Литва Сыртқы істер вице-министрімен кездесуі туралы

Елшінің Литва Сыртқы істер вице-министрімен кездесуі туралы

Вильнюс, 2025 жылғы 13 наурыз – Елші Тимур Оразаев Литва Сыртқы істер вице-министрі Габия Григайте-Даугирдемен кездесті. Тараптар Қазақстан-Литва ынтымақтастығының екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында Елші елдегі институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың әділ тетіктерін қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық өзгерістер мен сот-құқықтық реформалар туралы айтты.

Тараптар екі ел арасындағы көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту бойынша пікір алмасты, оның ішінде БҰҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (EPCA), сондай-ақ халықаралық құрылымдар.