Литваның Друскининкай қаласында Наурыз атап өтілді

Литваның Друскининкай қаласында Наурыз атап өтілді

Друскиникай, 2024 жылғы 20 сәуір - Қазақстан Елшілігі "Нұрсауле" қазақ диаспорасымен бірлесіп және қала әкімдігінің қолдауымен "Наурыз-Друскиникай-2024" фестивалін өткізді.

Іс-шараға Сейм депутаттары, Литва министрліктері мен ведомстволарының, дипломатиялық корпустың, іскерлік және қоғамдық топтардың өкілдері, қазақстандық студенттер мен курорттық қала тұрғындары қатысты.

Қазақстан Елшісі Тимур Оразаев өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан-Литва қатынастарының маңызды бөлігі болып табылатын мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуы туралы айтты. Литвадағы қазақ диаспорасы мен Қазақстандағы мыңдаған Литва диаспорасының мәдени алмасуды сақтауға және арттыруға қосқан зор үлесі туралы сөз қозғалды. Бұл тұрғыда еліміздің этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы бірегей тәжірибесі мен діндерді, мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыру үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезінің рөлі ерекше атап өтілді.

Сейм депутаты Зенонас Стрейкус, Друскиникай қаласының вице-мэрі Линас Урманавичус және Қазақстанның құрметті консулы Альбертас Милинис құттықтау сөздерімен ортада сөйледі. 

Қазақстандық студенттер домбырада халық күйлерін орындап, "қара жорға" ұлттық биі көрсетілді.  Өз кезегінде қазақ диаспорасы танымал халық әндерін орындап, "Қыз ұзату" және "Тұсау кесу" рәсімдерін жиналған қауымға ұсынды.

Іс-шараның басты элементі киіз үйге барлық қонақтар мен қала тұрғындары қызығушылық танытты. Олар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, киіз үй элементтерінің киелі мағынасын біліп, ұлттық киімдерді киіп көрді.

Қонақтардың назарына аударылып және литва тілінде жарық көрген М.Әуезовтің "Абай жолы", А.Әлімжановтың "Мұғалімнің оралуы" кітаптары және қазақ халық ертегілері ұсынылды.

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына және Жошы Ұлысының 800 жылдығына орайластырыла, "арқан тарту" спорттық жарысына белсене қатысқандарға самбодан әлем чемпионы литвалық Е.Чесловас сыйлықтармен марапаттады.

Литвадағы "Тоғызқұмалақ" федерациясының Президенті Айдас Жандарис қонақтарға логикалық математикалық ойлау мен төзімділікті дамытуға арналған ойынның тарихы мен ережелері туралы айтып беріп, жұртшылыққа мастер-класс өткізді.

Қонақтар дәстүрлі қазақ тағамдарының, соның ішінде "Наурыз көже", бауырсақ және женттің дәмін татты.

Қаланың орталық жаяу жүргіншілер саябағында туристік көрікті жерлердің, сондай-ақ Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлерінің суреттері қамтылған фотокөрме орналастырылды.

Елшілік қазақ диаспорасына, достар мен серіктестер – литва азаматтарына – киіз үйді ұсынғаны және орнатқаны, бюджет қаражатын жұмсамай әдемі мереке өткізуге мүмкіндік берген концерттік нөмірлерді ұйымдастырғаны және қазақ тағамдарын дайындағаны үшін алғыс білдіреді.