Қазақстан Елшісі Литва Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Елшісі Литва Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Вильнюс, 2023 жылғы 10 қаңтар – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Тимур Оразаев ЛР СІМ Мемлекеттік және дипломатиялық протокол департаментінің Директоры Петрас Запольскасқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Литвалық дипломат Қазақстан Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда табыс тіледі.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаннан бергі өзара іс-қимыл тарихын, екі ел басшыларының сындарлы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті тереңдетуге шоғырлануын талқылады.

Т.Уразаев П.Запольскасты саяси өзара іс-қимылдың жақсы негізін ескере отырып, Елшілік жұмысын ұйымдастыру ниеті туралы хабарлады. Елші Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Елшілігі мен Литва Сыртқы істер министрлігі арасында тұрақты байланыстарды жалғастыруға келісті.