KazAID және литвалық CPMA агенттігі ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарды талқылады

KazAID және литвалық CPMA агенттігі  ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарды талқылады

Вильнюс, 2022 жылғы 4 қазан – Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Литваның «CPMA» Жобаларды басқару орталық агенттігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар KazAID және CPMA презентацияларын өткізіп, екі ведомствоның мақсаттары, міндеттері және жұмысының басым бағыттарын талқылады.

CPMA директоры Лидия Кашубиене қазақстандық және литвалық агенттіктер арасындағы өзара
іс-қимыл тәжірибе мен білім алмасу тұрғысынан үлкен әлеуетке ие екенін атап өтті.

Тараптар CPMA мен KazAID арасындағы ынтымақтастықтың перспективаларын, соның ішінде тиісті құқықтық базаны құруды және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар белгіленген өзара іс-қимыл әлеуетін іске асыру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.